АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі. Шоқан Уәлиханов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті
Көрсетілім саны: 37

     2018 жылғы 06 желтоқсан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш жиын Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

     Бұл семинар-кеңестің басты мақсаты жаңа қазақ латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерін ғылыми аудиторияда, көпшілік жиында талқылау, олардың шешу жолдарын қарастыру және ұсыну болып табылады.

     Семинар-кеңес дөңгелек үстел форматында өткізіліп, жаңа латын әліпбиіне көшу жолында туындайтын сұрақтар көпшіліктің талқысына салынды. Семинар-кеңеске қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, танымал тілші ғалымдар, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.

     Конференцияны Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қалымбет Б.Ә. кіріспе сөз сөйлеп ашты. Алғашқы баяндаманы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рысберген Қ.Қ. жасады. Әрі қарай қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар бағдарламада көрсетілген ретімен сөз сөйледі.

     Сондай-ақ, семинар-кеңесте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және қазақ дыбыстарының латын таңбасымен таңбалануы, жазудың қызметі және жазу түрлері, латын қарпіне бұрынырақ өткен түркі халықтарының тәжірибесі кеңінен сөз болды.

     Іс-шара барысы ұйымдастырушылар тарапынан бейнетаспаға және фотосуретке түсіріліп, БАҚ беттерінде ақпарат берілді.

WZ6A0770     WZ6A0820

WZ6A0855     WZ6A0871