АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады. Тоныкөк


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматы қаласындағы деректемелер мен көрнекі ақпараттар туралы АҚПАРАТ
Көрсетілім саны: 23

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының негізінде деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, «Жарнама туралы» Заңы 17-бабының 2-тармағын басшылыққа алады. Деректемелер мен көрнекі ақпараттар Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес жүргізіледі. Деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыруға рұқсат алу кезінде жарнама мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқасына міндетті түрде Басқарманың келісімін алу тәртібі белгіленген. 2018 жылдың басынан бері 4464 жарнама эскиздерінің мәтіндері тексерілді. Оның 1204-не түзетулер енгізілді (орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық). Басқарма тарапынан жұмыс барысында анықталған қателер бойынша «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін деректемелер мен көрнекі ақпараттарды ретке келтіру жөнінде тиісті құзырлы органдарға хат жолданып отырады. Жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлерге тегін консультациялық көмек тұрақты көрсетілуде. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 75-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу ескерту жасауға әкеп соғады. Егер де, осы талаптар бір жыл ішінде қайталанса шағын кәсіпкерлікке – он, орта кәсіпкерлікке – жиырма, ірі кәсіпкерлікке – елу есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

Алматы қаласы Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының маңдайша жазуы туралы АҚПАРАТ

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының негізінде деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Деректемелер мен көрнекі ақпараттар (жарнамалар) «Тіл туралы» заңның 21-бабына сәйкес рәсімделеді. Басқарма тарапынан Алматы қаласы Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарының қоғамдық тамақтандыру орындарындағы (мейрамхана, кафе, асхана) маңдайша жазуының тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына рейд жүргізілді. Рейд барысында заңға қайшы Алмалы ауданында 23, Бостандық ауданында 22, Медеу ауданында 21, барлығы 66 объекті анықталды. Қателіктерді түзету жөнінде аталмыш аудандардың әкімдеріне хат жолданды. Қазіргі таңда аудандардың әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан меншік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыруға рұқсат алу кезінде жарнама мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқасына Басқарманың келісімін алу тәртібі енгізілген. 2018 жылдың басынан бері 4464 жарнама эскиздерінің мәтіндері тексерілді. Оның 1204-не түзетулер енгізілді (орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық). Қазақстан Республикасының жарнамаға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлерге тегін консультациялық көмек көрсетіліп отырады. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.