АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Ой-сана» байқауы
Көрсетілім саны: 30

12

13

14

15

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы2018 жылы 8 маусым күні Алматы қаласы, М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залы ғимаратында«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатындаорыс тілін жетік меңгерген қазақ жастарының«Ой-сана»қалалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру болды.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

І. «Білім бедері» – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған 60 тест тапсырмасын орындау (40 минут).

ІІ. «Қалам қарымы» – ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу. Көлемі: 1,5-3 бет (30 минут).

ІІІ. «Ойталқы» – ұяшық ашу арқылы таңдалған тапсырманы ауызша баяндау (суретті сипаттау немесе берілген ақпаратты пайдаланып шағын әңгіме құру, 3-5 минут).

ІV. «Шабыт шыңы» – өз таңдауы бойынша орыс тілінде ән орындау немесе көркем шығарма үзіндісінен театрландырылған қойылым көрсету (3-5 минут). Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Мұхамеджан Надира

І орын – Жанқабаева Альфия

ІІ орын – Емешев Әділ

ІІІ орын – Мұратханова Алуа

Байқау шарттары бойынша «Сөз зергері» және «Өнер алды» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Ушурбакиев Ильшат мен Төлебаева Әдина иеленді. Ал, Әлиқұлова Медина пен Мүталіпов Жалғас ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Мұхамеджан НәдираАстана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

 

 

 

 

 

         Ұйымдастыру комитеті