АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық конкурсы өтеді
Көрсетілім саны: 23
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы
әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру
мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Мемлекеттік қызметшілер
күніне орай мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерінде жұмыс
істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»
атты қалалық конкурс өткізеді.
Конкурс 2018 жылғы 21 маусым күні сағат 10.00-де Алатау ауданы
әкімі аппаратының мәжіліс залында (Шаңырақ-2 шағын ауданы, Жанқожа
батыр көшесі, 26) өтеді.