АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Алаш болып шашау шықпау – бірліктің басы. Міржақып Дулатов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Пушкин оқулары» өтті
Көрсетілім саны: 38

      

       22 мамырда Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес славян халықтарының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин оқуларын» өткізді.

       Ақынның ескерткішінің жанында «Пушкин оқуларын» өткізу қаламыздағы жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналды.

       Аталмыш шараның мақсаты – қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің славян халықтарының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне, ақынның шығармашылығына деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлт бірлігін нығайту, дарынды жастарға қолдау көрсету.

       Қалалық оқуға құрметті қонақ және көрермен ретінде мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ресми өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, студент жастар мен оқушылар және т.б. шақырылды.

       Іс-шара А. Пушкин ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталып, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының консулы И.В. Переверзева шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, пушкинтанушы С.В. Ананьева мен осы институттың ғылыми қызметкері, пушкинтанушы А.Т. Қалиасқарова ақын шығармашылығы туралы әңгімелеп, іс-шараның ерекшелігі мен құндылығын атап өтті. Сонымен қатар, шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлшара Есетқызы өзінің республикалық және қалалық деңгейде жүлделі орындарды иеленіп жүрген шәкірттерімен келіп, құттықтау сөз сөйледі.

       Қатысушылар А. Пушкин поэзиясын орыс, қазақ және өзге тілдерде мәнерлеп оқумен қатар ақындардың шығармаларына жазылған әндер мен романстарды орындады.

       Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.