АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды. Күлтегін


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Тілдарын» олимпиадасы өтті
Көрсетілім саны: 70

«Тілдарын» олимпиадасы өтті   «Тілдарын» олимпиадасы өтті   «Тілдарын» олимпиадасы өтті   «Тілдарын» олимпиадасы өтті

       Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы2018 жылы 18 мамыр күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімдігінде, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты – жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.

       Олипиадаға қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

1. Таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» (презентация);

2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

3. Берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау.

       Олимпиадаға қатысушылар әр кезеңнің тапсырмасын үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындады. Құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары бар қазылар алқасы қатысушылардың жазбаша орындаған жұмыстарын тексеріп, ауызша жауаптарын тыңдады. Қазылар шешімімен жүзден жүйрік шыққан мына жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Ашимахун Жұпар

І орын – Қасенова Дәния

ІІ орын – Қалиева Гүлден

ІІІ орын – Серік Сырым

       Байқау шарттары бойынша «Эссе жазу шебері» және «Ілеспе аударма шебері» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Мейренбекова Анар мен Сарқытбекова Гүлім иеленді. Ал, Маулетқазы Мирас пен Құрақбаева Динараға ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Ашимахун Жұпар Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

       Олимпиадаға құрметті қонақ және көрермен ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері студент жастар мен оқушылар қатысты.