АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды. Күлтегін


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті
Көрсетілім саны: 46

WZ6A0177   WZ6A0178   WZ6A0244   WZ6A0273

       Еліміз егемендігімізге қол жеткізген күннен бастап, мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаев осы күнге дейін халықтар достығы мен ұлтаралық татулыққа ерекше назар аударып келеді. Тәуелсіз мемлекетіміз құрылғалы бері еліміздің ішкі саясаттағы ең басты бағыттарының бірі – халықаралық деңгейдегі достық пен өзара сыйластық және ұлтаралық келісімді нығайту. Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайту үшін елімізде барлық жағдай жасалған.

       2018 жылғы 11 мамырда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өнер ұжымдары мен жеке өнерпаздардың қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шарасын өткізді.

       Шара Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерт залында сағат 15.00-де Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бахыт Қалымбеттің құттықтау сөзінен басталды.

       Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолданылуын дамыту, ұлт бірлігін нығайту әрі елімізде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтау.

       Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қазақбай Қасымов, «Ариана» ауған ұлттық мәдени орталығының төрағасы Ахмадулла Васток қатысып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, шараға басқа да этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ тілшілері, өнерсүйер қауым студент жастар мен оқушылар қатысты.

       Аудандық деңгейде іріктелген екі жеке немесе ұжымдық өнерпаздар қалалық мерекелік іс-шараға жолдама алып, өз өнерін көрсетті. Сонымен, шараға Алматы қаласының ұлттық мәдени орталықтарының 6 және 50 жас аралығындағы өнерпаздар мен ұжымдар атсалысты. Жұрт алдында іріктелген 90 биші және вокалдық топтар, әншілер мен музыканттар өнер көрсетті.

       Іс-шара қатысушылары мен құрметті қонақтарына алғыс хаттар, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.