АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ» байқауының жеңімпаздары анықталды
Көрсетілім саны: 140
Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
аясында Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011—
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі Алматы қаласының 2017—2019 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында
және басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес талантты
жастар арасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Көр-
кемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсат-міндеті: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, талантты жастарды
жан-жақты көтермелеу, көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің
шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту
және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшілікті қазақтың ұлттық мәдениеті
мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында
кітап оқу мәдениетін дамыту болып табылады.
Аудандық және қалалық деңгейде өткен байқауға қазақтың көркемсөз
оқу шеберлігін игерген 17—29 жас аралығындағы жастар қатысты. Кәсіби
өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері,
сондай-ақ, өткен жылдардағы жеңімпаздары байқауға
жіберілмеді.
Аудандық байқауды аудан әкімдіктері ұйымдастырды. Байқауға қатысуға
тілек білдіргендер тиісті аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді
дамыту бөліміне алдын-ала өтініш берген болатын. Аудандық байқауда
бірінші, екінші және үшінші орын алған жүлдегерлер өз аудаының атынан
қалалық байқауға қатысты.
Байқаудың шарттары қазақтың белгілі ақын, жазушы, драматургтерінің
көркемдігі жоғары шығармаларын немесе шығармадан үзінді оқу мен
Қазақстан, Туған жер, Тәуелсіздік, Астана туралы тақырыптарда шығарма
жазу мен прозалық, поэзиялық және драмалық шығарма оқудан тұрды.
Оқылатын мәтін көлемі 5 минуттан аспау керек, дайын фонограммаларды
пайдалануға тыйым салынды, белгісіз авторлардың көркемдігі төмен
шығармаларынан үзінді оқуға болмайды, талапкерлер оқитын мәтіндерін
жатқа оқулары шарт болды. Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың
көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді
таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар ауда-
рылды. Қазылар алқасының сұрыптауынан өткен жастар «Көркемсөз оқу
шеберлерінің» қалалық байқауының жеңімпаздары болып табылды.
Байқаудың бас жүлдесін Дастан Бекнұр (Алатау ауданы) жеңіп алып,
«Көркемсөз оқу шеберлерінің» республикалық байқауына қатысуға жолдама
алды. Бірінші орынды Динара Баймұхаметова (Алмалы ауданы), екінші
орынды Талант Хасенов (Түрксіб ауданы), үшінші орынды Шоқан
Құлназаров (Медеу ауданы) жеңіп алды. «Мәнерлі сөз» атаулы сыйлығын
Нұрлан Бақытжанов (Алатау ауданы) және «Әуезді сөз» сыйлығын Аманхан
Ақниет (Наурызбай ауданы), сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтарын Ермек
Тұрғанбеков, Әсем Әбдімәуленова және Қалдыкөз Рахымжан иеленді.
Байқау жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, Алғыс
хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ