АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Тiл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтiндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ғұмар Қараш


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

"ТІЛ ШЕБЕРІ" АНЫҚТАЛДЫ
Көрсетілім саны: 73

 

 

Алматыдағы Оқушылар сарайында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тіл шебері – 2018» қалалық байқауы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік қызметшілерге қойылған басты талап – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуі.

Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақыт Қалымбеттің айтуынша, байқауды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – халықпен күнделікті жұмыс істейтін, бұқарамен байланыста жүретін мемле­кеттік қызметшілердің бейнесін көрсету.

Бүгінде халық арасында мемлекеттік қызметкерлерге сын көп айтылып жүр. «Олар ана тілін білмейді, ұлттық дәстүрден хабары жоқ, тарихымыз бен мәдениетімізден жұрдай» дегенді жиі естиміз. Осындай конкурс арқылы жыл сайын өз саласының үздігін анықтап, мемлекеттік қызметшілердің беделі мен бейнесін айқындауды көздеп отырмыз. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын, рухани құндылықтарға бай екенін дәлелдеуі тиіс, – деді Бақыт Қалымбет.

Байқауда Алматының әр ауданынан жеңіп шыққан 20 қызметкер бақ сынады. Бірінші кезеңде қатысушылар Қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары жайындағы сұрақтарға қазақ тілінде барынша көркем жауап беруге тырысты. «Мәдениеттаным» деп аталатын екінші кезеңде халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін орысша сөйлетсе, «Елтаным» кезеңінде Қазақстанның жері мен байлықтарын ағылшын тілінде өрнектеді. Байқаудың соңғы кезеңінде мемлекеттік қызметшілер поэзия мен көркемсөзден, ән мен биден шашу шашты. Әр кезеңнен сүрінбей өткен, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қатысушылар жүлделі орындарды иеленді. Жүзден жүйрік шыққан жас маман Алмагүл Боданова «Тіл шебері» атанып, республикалық байқауда Алматының атынан өнер көрсететін болды.

 

Балжан ХАЛЫҚ

https://aikyn.kz/2018/05/31/54750.html