АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады. Тоныкөк


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

АЛМАТЫДА ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ «ТІЛ ШЕБЕРІ» АТТЫ КОНКУРС ӨТКІЗБЕК
Көрсетілім саны: 71

Алматы қаласы Тілдерді дамыту  басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш тілді қатар меңгерген орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері арасында «Тіл шебері» атты қалалық конкурсы өткізеді.

Конкурстың мақсаты-міндеті: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, тіл мәдениетін жетілдіру.

Конкурстың шарттары: Конкурсқа орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. Конкурстың өткен жылдардағы бас жүлде және І орын жеңімпаздары қатыстырылмайды.

Конкурс төрт кезеңнен тұрады:

  1. «Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру (3 мин);
  2. «Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру (3 мин); 
  3. «Елтаным» – Қазақ елі, оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру (3 мин).
  4. «Өнертаным» – өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқу, билеу және т.б. өнер көрсету (3 мин).

Киім кию тәртібі: 1 – кезеңде – қазақ халқының ұлттық киімі; 2,3 – классикалық стиль; 4 – кезеңде – еркін.   

Қатысушылар ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетуі тиіс. Конкурс барысында қатысушылар берілген тапсырмаларға сәйкес алдын-ала әзірленген аудио және бейне материалдарды қолдануына болады.

Әр кезеңнен кейін қазылар алқасы өте төмен ұпай жинаған жекелеген қатысушыларды келесі кезеңдерге жібермеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

 

«Қамшы» сілтейді

http://www.qamshy.kz/article/almatida-tilderdi-damitw-basqarmasi-til-sheberi-atti-konkwrs-otkizbek.html