АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

ТӨЛ ӘЛІПБИ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ
Көрсетілім саны: 53

       Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

       Латын әліпбиін қолданысқа енгізу барысында республика көлемінде жан-жақты жұмыстар жасалуда. Әр аймақтағы Тіл басқармаларының тарапынан айтылатын түрлі ұсыныс-пікірілер әрдайым басты назарда. Алматы қаласы Тілдерді дамыту бас­қармасының басшысы Рахат Ши­машеваның айтуынша, жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу үшін жасалып жат­қан кешенді жұмыстар болашақта нәти­­желі болмақ. «Елбасының «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы аясында қол­ға алынған латын қарпіне көшу мәсе­ле­сі – кезек күттірмейтін өте ма­ңыз­ды жұмыс. Қазақтың тілі арқылы тарихы­мызды сақтай отырып, келе­шекте ғылым мен техниканың даму қар­қы­нына ана тілімізде ілесуіміз қа­жет-ақ. Төл әліпби – тәуелсіз елдің сим­волы. Сондықтан әліпби жасақтау­да ға­лым­дардың еңбегі орасан зор. Сондай-ақ қоғамда жиі айтылып жүр­ген сын-пікірлерді ескереміз. Жаңа әліпбиді қолданысқа енгізгенде, қазақ тілінің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуы­мыз өте маңызды» деді басқарма басшысы.

       Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымда­рының докторы, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әлімхан Жүнісбек «Жаңа латын әліпбиінің сингормонологиялық талданымы» тақырыбында баяндама жасады. Ол әліпбидегі қазіргі и, й әріптерінің «І,і» деп бір-ақ әріппен таңбалануын қолданыстан алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ бұған дейін түсініксіздік тудырған ы, і, ш, у әріптерінің таңба­лану мәселесін кеңінен талқылады. «Латын әліпбиі аз дыбыспен, түсінікті, нақты таңбаланғаны жөн. Ең басты мәселе – қазақ тілінің ұлттық тұрқы сақталуы қажет» деген ғалым жаңа әліпбидің жетілдіретін, талдайтын тұстарына кеңінен тоқталды. «Латын әліпбиін игерудің әдіснамалық ерек­шеліктері» атты баяндама жасаған ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың про­фессоры, Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Фаузия Шамсиқызы қазақ тарихындағы қолданылған әліпбилерді кезең-кезеңімен талдады. Қазақ елі қаншама әліпби ауыстырса да, қазақ тілінің бай сөздік қорын сақтап қалу­дың өзектілігін баса айтты. Жиында профессор, Орфографиялық және әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Бағдан Момынова «Гибрид сөздер: тарихы мен қазіргі кездегі орфограм­малануы» тақырыбындағы баяндама­сында жаңа әліпбиде сөз­дердің орфо­графиялық жазылуына, орфоэпиялық айтылуына ден қою керектігін түсін­дірді. Себебі, латын әліпбиін енгізуде біріз­ділік, сауатты­лыққа бірінші кезек­те назар аударылуы қажет. Сон­дай-ақ конференцияда «Астана» медицина университетінің Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, Терми­нология жұмыс тобының мүшесі Мұхамбедия Ахметов «Латын әліп­биінің қысқаша тарихына» тоқталып, терминдерді жазуда халық­аралық тәжірибені қаперге алып, жүйелеу қажет деді.

 

Майра ЖАНЫСБАЙ
«Айқын» газеті

https://aikyn.kz/2018/05/16/52725.html