АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Елділіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Абай оқулары
Көрсетілім саны: 1454

Абай оқулары

09.09.15

Алматыда өткен Абайдың 170 жылдығына орай өткізілген «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы Семей қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Жарысқа қаланың 8 ауданынан  іріктелген мәнерлеп оқу шеберлері жиналды.

Дәстүрлі түрде өтетін "Абай оқулары" байқауының ең басты талабы қатысушылар өзге ұлт өкілдерінен болуы тиіс. Жарыс барысында қазылар алқасы қатысушылардың Ұлы ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқуына баға беруден бөлек, олардың қазақ мәдениетіне деген ынталарын да сынға салып, бірнеше сұрақ қойды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

БАҚЫТ ҚАЛЫМБЕТ, Алматы қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы:

-Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын өткізіліп келе жатқан байқау. Республика көлемінде өтеді. Жыл сайын әр қалада өткізіледі. Биылғы байқау Абай атамыздың туған жері Семей қаласында өткізілмекші.

http://www.31.kz/video/show/id/9300

«31 арна»