АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды. Күлтегін


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматы көшелеріне жаңа атау беру 2015 жылы басталады
Көрсетілім саны: 1713

Алматы көшелеріне жаңа атау беру 2015 жылы басталады

Алматы көшелеріне жаңа атау беру жұмысы 2015 жылы басталады, қалаға жаңа аумақтардың қосылуына байланысты қайталанатын атаулар тізімін жасау ісі қиындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетовке сілтеме жасап. 

"Алматыға 23,2 гектар аумақ, оның ішінде, 27 елді мекен қосылды. Ол жерлерде 400 көше бар. Олардың 80 пайызы бір-бірін қайталайды. Қазір біз атауы қайталанатын көшелердің тізімін жасап жатырмыз. Жылдың соңына дейін жұмысты аяқтап, қала көшелеріне атау беру туралы жобаны 2015 жылдың алғашқы жартысында талқылауға ұсынуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Ахетовтің айтуынша, қалада Абайдың атында төрт, Әуезов атында үш және Жансүгіров атында үш көше бар. Шенеунік мұндай көше атаулары қалаға қосылған елді мекендерде де кездесуі мүмкін екенін айтады. Жергілікті билік соғыс ардагерлері мен танымал өнер мен мәдениет қайраткерлері ұрпақтарының да көшеге атау беру жөніндегі ұсыныстарын қарауға дайын. 

Алматыда 2000 көше бар, оның 165-і өзгертуді қажет етіп тұр. 89 көшеде мүлдем атау жоқ. Көшелерге атау беру рәсімі мынадай: берілетін атауларды жергілікті әкімдіктер тұрғындардың талқылауына ұсынатын болады. Содан кейін оны қалалық мәслихаттағы ономастика жөніндегі арнайы комиссия қарайды, нәтижесі республикалық ономастикалық комиссияның талқысына салынады. 

"Алматы көшелеріне атау берудің алғашқы кезеңі - тізім жасау, есептеу, атау берілетін орындарға бару. Бұл кезең шығындарды талап етпейді. Екінші кезеңде ғимараттарға жақтаушалар ілінетіндіктен оған шығындар жұмсалады. Бірақ мұнымен әкімдіктің өзі айналысады", - деді Ахетов. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Алматы көшелеріне атау беруге 170 миллион теңге жұмсалатынын хабарлаған еді. Ахетов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-koshelerne-jana-atau-beru-2015-jyilyi-bastaladyi-258098/

«Tengrinews.kz»