АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда 89 көшенің мүлдем атауы жоқ
Көрсетілім саны: 1747

Алматыда 89 көшенің мүлдем атауы жоқ 

15.10.2014

Алматы көше атауына жарымай тұр. Қазіргі таңда 89 көшенің мүлдем атауы жоқ. Ал 165 көше есімдері екі рет қайталанған. Дегенмен, алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толатын болады, деп мәлімдеді Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама бөлімінің басшысы Қалабай Өтепберген Almaty.tv тілшісіне.

 «Алматы қаласында 1848 көше бар. Облыстан Алматыға қосылған елді мекендердің есебінен қаламызда 165 көше атауы қайталанып кетеді. Ал тарихи ескірген көшелер бүгінгі таңда 50-ге жетіп отыр. Жақында президенттің жарлығымен 16 сәуірде Алматы қаласына тағы да 23 200 га жер қосылды. Ол жерде 27 елді мекен болатын болса, қазіргі таңда қалаға қосылғаннан кейін олар шағын аудан болып ауысады. Аталмыш елді мекендерде 325 көше анықталды. Бұл жерлерде орналасқан көше атаулары да қаламыздағы атауларды қайталап отыр», - деді Қалабай Өтепберген.

2013 жылы 21 қаңтарда осы ономастика мәселесіне байланысты заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сол заңнамалық актілердің негізінде қалада қайталанатын бірқатар көшелердің атаулары қайта қарастырылмақ.

«Біз заңнамалық актілердің негізінде мәслихаттың тұрақты комиссиясына хат жолдадық. Хат қаралғанан кейін Алматы қаласы әкімшілігінің жанындағы ономастикалық комиссияға беріледі. Ол жақтан қолдау тапқаннан кейін ҚР Үкімет жанындаңы ономастикалық комиссияға келісім алу үшін жіберіледі. Тиісті мекемелерден, қолдау алғаннан кейін қаламыздағы көшелердің аттары өзгертіледі», - деді Өтепберген.

Меруерт Сағымхан

http://www.almaty.tv/kz/newsline/news/almatyda-89-k-shen-m-ldem-atauy-zho-tepbergen.html

Аlmaty.tv