АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың тамыры – тіл,Қазығы – дін. Қадыр Мырза Әли


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтеді
Көрсетілім саны: 1288

Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтеді

22.09.2014

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Алматы қаласының әкімдігі «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өткізеді. Жыл бойы қаладағы жергілікті атқарушы органдарда, кәсіпорындарда, білім мекемелерінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Фестивальдің мақсаты - қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың күшін мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізуге, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге жұмылдыру», - делінген хабарламада.

Фестиваль барысында Алматы қаласының әкімі А. Есімов Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттайды. Сонымен бірге, мерекеде Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болады.

Естеріңізге сала кетсек, барлығы 20 сала іс қағаздарының үлгілерінің жинағы, орысша-қазақша тілдескіштер, терминологиялық сөздіктер шығарылды. Сонымен қатар, Алматы қаласында қазақ тілінде тәрбиелейтін және білім беретін балабақшалар мен мектептердің саны жылдан-жылға артып келеді.

http://www.almaty.tv/kz/newsline/news/almatyda-ana-t-l-m-arda-ym-atty-festival-ted.html

«Алматы» телеарнасы