АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Қазақстан Тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеуі үшін, нығаюы үшін қазақтың – өзіміздің ұлттық бірлігіміз керек. Нұрсұлтан Назарбаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ»
Көрсетілім саны: 1114

«АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ»

22.09.2014 Дуанабай Жолдасбек

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Алматы қаласының әкімдігі «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өткізеді. 

Жыл бойы қаладағы жергілікті атқарушы органдарда, кәсіпорындарда, білім мекемелерінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл фестиваль сол шаралардың қорытындысы болып табылады.

Фестивальдің мақсаты: қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың күшін мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізуге, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық  келісімді қамтамасыз етуге  жұмылдыру. 

Фестиваль барысында Алматы қаласының әкімі А. Есімов Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттайды. Сонымен бірге, мерекеде Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болады.

Алматы қаласында  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар жасалуда.Түрлі салалар бойынша ресми іс қағаздарының үлгілерінің жинақтары шығарылып, оған өз бетінше қазақ тілінде іс жүргізу дағдыларын меңгеруге арналған электронды нұсқасы бірге беріледі.  Жергілікті атқарушы органдардың, кеден қызметі, медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қаржы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сәулет және құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау,  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сот және адвокатура, ішкі істер және құқық, тұрғын үй және жер қатынастары - барлығы 20 сала іс қағаздарының үлгілерінің жинағы,  орысша-қазақша тілдескіштер, терминологиялық сөздіктер шығарылды.

Алматы қаласында қазақ тілінде тәрбиелейтін және білім беретін балабақшалар мен мектептердің саны жылдан-жылға артып келеді. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған «Балаларға базарлық» атты 2 аудиокітап, жасөспірімдер  үшін «Асыл сөз» атты қазақ қаламгерлерінің 5 әңгімесінен құрастырылған 1 аудио кітап шығарылды.  Оған қоса  3 дискіден тұратын қазақ тілін үйренуге арналған бейне құрал жарық көрді. Оған әлем ертегілерінің желісі бойынша жасалған слайд-шоулар және «Бізді қоршаған әлем» деген атпен мультфильмдер енген. Сонымен бірге, «Люблю, учу казахский» деген атпен 2 дискіден тұратын қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған электронды оқыту бағдарламасы әзірленді.

Тағы бір үлкен жоба – «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты мультфильмнің 85 сериясы жарық көрді. Қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер жинағы «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша шығарылды.

Жоба қазақ эпостарының желісінде түсірілген анимациялық фильмдермен толықтырылды.Жинаққа «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» мультфильмдері енген. Мультфильмдердің жалпы хронометражы – 400 минут. 3D форматындағы графикалық тәсілмен жасалған қазақ тіліндегі тұңғыш мультфильмнің басты ерекшелігі – тіл үйретуге арналған бағдарлама енгізілгені және қазақ халқының этнографиясынан бірқатар мағлұмат беретіндігі.  Анимациялық фильмдерді жарыққа шығарудағы мақсат – мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тіліндегі қарым-қатынастық орта қалыптастыру, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі қазақ тілінің қолданылуы аясын кеңейту. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешенінің жаңа нұсқасы жарыққа шықты. Мультфильмдер жинағы және қазақ және ағылшын тілдерін үйретуге арналған кешен көмекші-әдістемелік құрал ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, балалар үйлері мен кітапханаларға тегін таратылды.

Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай оқулары», «Пушкин және Шевченко оқулары», «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Тіл мерейі», «Тіл шебері», «Көркем сөз оқу шеберлері» атты қалалық байқауларды өткізу дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты тақырыптарда түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Елбасы тарапынан тапсырылған «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында орыс ұлтының жастары арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті», мемлекеттік тілді меңгерген ұлты өзге мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» сияқты іс-шаралар өткізіледі. 

http://www.aikyn.kz/news/view/57782

«Айқын» газеті