АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Алаш болып шашау шықпау – бірліктің басы. Міржақып Дулатов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда 2800 қате жарнама мәтіні тексерілуге жіберілді
Көрсетілім саны: 1495

Алматыда 2800 қате жарнама мәтіні тексерілуге жіберілді

21.07.2014

Алып шаһарымыздың көшелерінде қате жазылған жарнамалар саны азаймай отыр. Ана тілімізді қорлайтын жазулар дүкен сөрелері мен арнайы мекемелер алдында көптеп кездеседі. Осы билбордтағы қателерге кім жауапты және қандай жаза қолданатындығы турасында Almaty.tv тілшісі анықтаған болатын.

«Алматы қаласының өзінде 100 жуық жарнама агенттіктері бар. Олардың ішіндегі тек 50-60 %-ы ғана заңды түрде тіркелген. Біз осы жылдың 2 сәуірінен бастап мораторий жарияладық. Мораторий кезінде келіп түскен өтініштер бойынша әдістемелік көмек көрсетеміз. Мысалы, жарнаманы қате берген мекемеге барып, өзіміздің көмегімізді ұсынамыз. Тіл заңнамасының 21 бабына сәйкес олар түзетуге кететін уақытты белгілейді. Сол мерзім ішінде аталған мекеме жарнамадағы қателерді жөндеуі тиіс. Өзіміздің тарапымыздан, мәнтіндерін жөндеп, аудармаға көмек көрсетеміз. Осы жылы 2800 жарнаманың мәтінін тексеріп беруге өтініш түсті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында заң талаптарын, ережелерін бұзған 173 жарнама турасында ескерту жасалды. Мораторий келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасын табады», - деді Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қалабай Өтепберген.

Аталмыш мекеменің қызметкерлері аптасына 1 рет рейтке шығады. Жұмыс уақытылы орындалып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Десе де әлі де «әттеген-ай» дейтін тұстары жетерлік. Мысалы, Райымбек және Розыбақиев көшелерінің қиылысында орналасқан базарды аралап жүріп, бірнеше қате жарнамаға көзіміз еріксіз түсті. «Шаш өру» деп жарнама жасаудың орнына мекеме иелері «шаш өріу» деген. Дәл осы ғимараттың алдынан тағы бір қате табылды. «Ерлер шашын қю және сәндеу» деп әліпбидегі «и» әріпін ұмытып кеткен.

«Біз мекеме иелеріне ескерту жасаймыз. Біздің ескертулерімізді дер кезінде ескермеген мекемелерге айыппұл салынады. Шағын кәсіпорындарға – 10 айлық айыппұл; орта кәсіпорындарға – 20 айлық айыппұл; ірі кәсіпорындарға – 50 айыппұл белгіленген», - деді  Қалабай Өтепберген.

Меруерт Сағымхан

 

http://almaty.tv/kz/newsline/news/almatyda-2800-ate-zharnama-m-t-n-tekser-luge-zh-be.html

«Алматы» телеарнасы

 


 

На билбордах в Алматы искажают казахский язык

21.07.2014

В Алматы на многих рекламных билбордах искажают казахский язык. И, несмотря на частые проверки, количество реклам с ошибками не уменьшается. Только с начала этого года алматинские чиновники рассмотрели почти 3 тысячи подобных случаев. Об этом корреспонденту Almaty.tv рассказали в Управлении по развитию языков Архивов и документации Алматы.

«В Алматы работает более 100 рекламных агентств. Официально зарегистрировано из них только 50-60%. Мы отвечаем всем, кто обратился к нам с данной проблемой. Например, ходим в агентства, которые допустили ошибку, предлагаем им свою помощь. Даем по закону им определенное время для исправления ошибки. В этом году поступило 2800 просьб с устранением рекламных ошибок. Из них нарушили закон РК 173 специализированных организации», - сообщил руководитель отдела ономастической работы и анализа Управления Калабай Отепберген.

Сотрудники данного управления на проверку выходят раз в неделю, но если смотреть на количество ошибок на наружной рекламе этого, видимо, мало. Например, большое количество «ошибочных» билбордов можно увидеть на пересечении улиц Райымбека и Розыбакиева. Встречаются такие выражения, как «Шаш өріу», «Ерлер шашын қю және сәндеу».

«Мы всегда делаем предупреждения рекламодателям, и те, кто игнорирует наши замечания, получают штрафы. Мелким организациям - десять МРП, представителям среднего бизнеса - 20 МРП, а крупным компаниям - 50 МРП», - добавил Отепберген.

 

http://almaty.tv/newsline/news/na-bilbordakh-v-almaty-iskazhayut-kazakhskiy-yazyk.html