АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«АҚШАМДЫҚТАР» — қалалық байқаудың жеңімпаздары
Көрсетілім саны: 1326

«АҚШАМДЫҚТАР» — қалалық байқаудың жеңімпаздары

19.06.2014

Журналистердің төл мерекесі қарса­ңында Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама бас­қар­масының жыл сайынғы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқауы мәресіне жетіп, биылғы жеңімпаздары анықталды. Мемле­кеттік тіл саясатын қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насаихаттауды қолдау мақсатында өткі­зіліп келе жатқан қалалық байқау мемле­кеттік тіл саясатын насихаттап жүрген журналистердің еңбегіне оң баға беру мен көтермелеуді көздейді.

Баспасөз саласында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Жүсіпбек Қорғасбек, Әлия Бөпежа­новалар бар қазылар алқасы газет-журнал редакциялары ұсынған жеке­леген журналистер еңбегін мұхият сараптаудан өткізудің нәтижесінде «Баспасөздегі үздік журналист» аталымы бойынша бірінші орынды — «Алматы ақшамы» газеті мәдениет бөлімінің мең­герушісі Өтеш Қырғызбай, екінші орын­ды — танымал қаламгер Мыр­зан Кенжебай, үшінші орынды — жур­налист Арай Саха­риева, «Үздік тележур­налистің» жеңімпаз­дары — Жазира Зәкір­қызы, Бауыржан Әпсейітов пен Шыңғыс Кіребай, «Үздік радиожурналистер» – Жанар Оразым­бетова, Айнұр Шамсейітова мен Гүлназ Молдабергеновалар, «Интернет-сайттағы үздік журналистер» – Дастан Елдосов, Айнаш Есали мен Қымбат Сләм­бековалар лайық деп танылды. Мемлекеттік тіл тақы­рыбына қалам тербеп жүрген қаламы жүй­рік журналистерді іріктеп алу — қазылар алқасы үшін оңайға соқпаса керек. Тіл­дерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқар­ма­сының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапаттал­ғандардың ішінде «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Роза Әрен де бар.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

http://almaty-akshamy.kz/?p=22145

«Алматы ақшамы» газеті