АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

"Тұжырым" бағдарламасы топ жарды
Көрсетілім саны: 1363

 "Тұжырым" бағдарламасы топ жарды

18.06.2014 11:24:10 

Тұжырымының тұңғыш жеңісі! Қоғамдағы түрлі әлеуметтік мәселерді көтеріп, көрермен көзайымына айналған арнамыздағы "Тұжырым" бағдарламасы "Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары" атты қалалық байқауда алғашқы үштікке ілінді. 31 журналист қатысқан байқаудың жеңімпаздары төрт аталым бойынша сарапталды.

Экономика, бизнес, елдегі әлеуметтік мәселелер. Әр түйткілдің өз шешімі бар. Аталған тақырыптарға үнемі үңілетін "Тұжырым" бағдарламасы "Алматы" телеарнасынан көрермендерге жол тартқанына бір жылға жуықтады. Бағдарламаның жүргізушісі Шыңғыс Кіребайдың айтыуынша, "Тұжырымда" аптаның ең өзекті тақырыбы сарапқа салынады. Шығармашылық топтың еңбегі еленіп, "үздік тележурналист" аталымы бойынша үшінші орынға ие болды. 

«Телеарнадағы бағдарламалар ән-күй және шоудан тұрмау керек. Оның ішінде салмақты салиқалы, көрерменге танымдық мақсатты ақпарат бере алатын бағдарламалар болу керек. "Тұжырым" бағдарламасы сондай бағдарламалардың бірі. Республикадағы өзінің ақпарат айдынын таба білген бағдарламалардың бірі деп ойлаймын», - деді "Тұжырым" бағдарламасының жүргізушісі Шыңғыс КІРЕБАЙ.

Бүгін кезекті рет "мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары" атты қалалық байқау мәресіне жетті. 31 журналистің ұсынған материалдарын арнайы құрылған қазылар алқасы қараған. Баспасөздегі, Телевизиядағы, Радиодағы және интернет сайттағы үздік журналист атты 4 аталым бойынша 17 қатысушыға алғыс хат табысталды. 

«Бұл номинацияларға көптеген жақсы материалдар келіп түсті. Олардың барлығын біз оқыдық, қарадық, тыңдадық. Солардың ішінен біз ең негізгі мән бергеніміз, байқаудың аты мемлекеттік тіл және БАҚ болғанымен негізгі тілдің мәселелері, тілден бастау алатын руханият, мәдениет, әдебиет мәселелері», - деді қазылар алқасының мүшесі, журналист Сәкен СЫБАНБАЙ. 

Екінші және үшінші орынды иеленген 8 әріптесімізге фотоапарат пен бейнекамера табысталды. Ал, бас жүлде, яғни бірінші орын 4 қатысушыға бұйырды. Жеңімпаздар бүгін дипломмен ғана марапатталды. Ал, заттай сыйлықтарын 22-ші қыркүйек күні қала әкімі Ахметжан Есімовтың қолынан алады.

Аршын Кемелжан, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы

 

http://www.almaty.tv/kz/news/111-1/t-zhyrym-ba-darlamasy-top-zhardy.html

«Алматы» телеарнасы