АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиіспіз. Ахмет Байтұрсынов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

ЖУРНАЛИСТЕР ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Көрсетілім саны: 1273

ЖУРНАЛИСТЕР ЖҮЛДЕ АЛДЫ

17.06.2014 19:37 Байдәулет Қаншайым

Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты қалалық байқау өткізді. 

Журналистер мерекесіне орайластырылған шараның мақ­саты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларды көтермелеу. 

– Жыл сайын журналистер арасында өткізілетін «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құ­ралдары» байқауы биыл да өз мәресіне жетіп отыр. Осыған де­йін қазылар алқасының құра­мында бірнеше адам жұмыс іс­тейтін. «Би екеу болса, дау төртеу болады» дегендей, биыл үш адамға ғана төрелік айтуға ұсыныс жаса­дық. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Жүсіпбек Қорғасбек, «Алматы ақшамы» газетінің өкілі Сәкен Сыбанбай, белгілі сыншы Әлия Бөпежанова сынды қалам­герлер ұйымдастыру алқасына түскен жұмыстардың барлығын саралап, өз қорытындыларын жасады, – деді Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама бас­қар­масының бастығы Мамай Ахет. 

Қазылар алқасының төрағасы Жүсіпбек Қорғасбек «Мемлекеттік тіл – ең көп талқыланатын тақы­рыптардың бірі. Сондықтан бақ сынауға өтініш білдірген үміт­керлер саны біз күткеннен асып түсті. Олардың арасынан үздік­терді анықтау оңай болған жоқ. Ең алдымен айтар ойына, журна­листік шеберліктеріне мән беріп, көтерген мәселесінің өзектілігіне қарауға тырыстық» деп атап өтті. 

Сонымен «Баспасөздегі үздік журналист» аталымы бойынша «Алматы ақшамы» газетінің тіл­шісі Өтеш Қырғызбай, «Интернет-сайттағы үздік журналист» Дастан Елдесов, «Үздік тележурналист» аталымы бойынша «Қазақ­стан» ұлттық арнасының редак­торы Жа­зира Зәкірқызы, «Үздік радио­жур­налист» аталымы бойынша «Қазақ радио­сының» қызметкері Жанар Ора­зымбетова жүзден жүйрік деп танылды. Қатысушылардың бар­лығына арнайы алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсы­рылды.

http://aikyn.kz/news/view/51685

«Айқын» газеті