АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама. Дінмұхаммед Қонаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

"TILLY" әлеуметтік жүйесіне қосылуға апалар қызығушылық танытып отыр
Көрсетілім саны: 1056

 "TILLY" әлеуметтік жүйесіне қосылуға апалар қызығушылық танытып отыр

29.05.2014

Елімізде келесі айдан бастап қазақ тілін үйрететін "TILLY" әлеуметтік жүйесі іске қосылады. Ғаламтор арқылы бейне қосылыстың көмегімен кез келген азамат ауыл және елді мекен тұрғындарымен тілдесе алады. Сол арқылы қазақ тілін меңгеріп, өнері мен мәдениеті, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы мол мағлұмат алатын болады. Қазірдің өзінде 30-ға жуық мұғалім мен оқушы тіркелген.

Зейнетке шыққан Күміс апа қазір компьютер тетіктерін күніне 1-2 рет түртіп қояды. Ғаламторға қалай қосылатындығын да біледі. Бекерге үйреніп жүрген жоқ, «Тилли» әлеуметтік жүйесіне қосылуды жоспарлап отыр. 

«Қазақша білмегендерге қазақша үйретейін деп жатыр ғой. Балаларым осы жұмысты бастапты, осы жұмысы жемісті болсын. Қазақтар енді қазақ тілін біледі ғой, бірақ Қазіргі жастар біле бермейді», - деді жобаға қатысушы Күміс НОҒАЙБАЕВА.
 

Аты аталған әлеуметтік бағдарлама қазақ тілін меңгергендер қатарын көбейтуді көздейді. Әлеуметтік жүйені құрастырушылардың бірі Қайрат өзі де жуырда ғана қазақ тілін үйрене бастапты. Мұндай идея өзге қалада жүріп, ғаламтордағы бейнебайланыс арқылы ата-анасымен сөйлескеннен кейін туындаған. Енді осы әдістемесін көпшілікке ұсынбақ. Айтуынша, ауыл тұрғындары да өз үлестерін қоса алады. Десе де шалғайда жатқан елді мекендерде ғаламтор атаулысы жоғын ескерген олар есеп-қисап жүргізіп қойған. Олар жобалары сәтті жүзеге асатындығына сенімді. 

«Қазақстанда 76% ауылдық жерлерді интернет бар. Көбінде көп қазақша сөйлейтіндер қалаларда жақсы жүреді», - деді жоба авторларының бірі Қайрат ЫРҒЫНБАЕВ.
 

Отандық "старт ап" өнімі демеушілер көмегінсіз жасақталған. Барлығына авторлары өз қалталарынан шығындалыпты. Ал тілдерді дамыту басқармасындағылар мұндай жобалар көп, алайда тиісті көмек көрсетілмегені салдарынан тез тоқтап қалады. Олар қаржы жағынан қол ұшын беруге дайын екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын Елбасының жарлығымен "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бекітілген болатын. Ол 3 кезеңді қамтиды. Ал биылдан бастап 2-кезеңі іске қосылды. Осы мемлекеттік бағдарлама ықпалынан 2020 жылға қарай ел азаматтарының 95 пайызы қазақ тілінде сайрап тұрмақ. Алматы қаласының осыған жауапты мекеме өкілдері балабақша, мектептерде тиісті шараларды жүргізген, енді ересек азаматтарды қазақ тілінде сөйлеуіне бар күшін салмақ. 

«Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту топтарына байланысты оқу-құралдың жобасын жасап жатырмыз. Оны осы жылдың аяғына қарай біз елге таныстыратын боламыз», - деді Алматы қ. тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Бақыт ҚАЛЫМБЕТ. 

Жыл сайын мемлекеттік бағдарламасы аясында 190 миллион теңге қаржы бөлінеді. Ал 2012 жылғы «сиқырлы қалам» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Құрылғылар қала мектептеріне тегін таратылған. Олардың қатарына түрлі қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер, мультфильмдерді қосыңыз. Тек жыл сайын бөлінетін қып-қызыл ақшаның желге ұшпаса, болғаны.

Ал Күміс апа алғашқы шәкіртіне осы сөздерді айтуға бекініп отыр. Оны әжей маусым айының ортасында алғашқы оқушысына жеткізе алады. Өйткені, аталған әлеуметтік жүйе сол сәтте іске қосылмақ. 

Қайырбек Жәйлібекұлы, Әл-Фараби Гусинцов, «Алматы» телеарнасы

 

http://www.almaty.tv/kz/news/111-1/tilly-leumett-k-zh-yes-ne-osylu-a-apalar-yzy-ushyl.html

«Алматы» телеарнасы