АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Пушкин мен Шевченко оқулары» – халықтар достығының дәнекері
Көрсетілім саны: 1008

«Пушкин мен Шевченко оқулары» – халықтар достығының дәнекері

23.05.2014

Жыл сайынғы мамыр айында Алматы қа­лалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжат­тама басқармасы славян халықтарының мәде­ниеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағыт­талған «Пушкин және Шевченко оқула­рын» өткізуді дәстүрге айналдырды. Қазақ­стан­дық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің славян халық­тарының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне, А.Пушкин мен Т.Шевченко поэзиясына деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлт бірлігін нығайту, қол­дау көрсету мақсатында өтетін іс-шараға құрметті қонақ және көрермен ретінде мемле­кеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ресми өкілдері, Қазақстан Ассамблеясының мүшелері, Ресей мен Украинаның Қазақ­стандағы ресми елшіліктерінің өкілдері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, студент-жастар мен оқушылар қатысты.

 

Мәдени шара А.Пушкин мен Т.Шев­чен­ко­ның ескерт­кіштеріне гүл қою рәсімімен басталды. Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құ­жаттама басқар­масы бастығының орын­басары Жаңабай Қайсенов пен Украина мәдени орталығының өкілі Тамара Агапова құттықтау сөз сөйледі. Қазақ халқы мен славян халықтарының арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас, еліміздегі мемлекеттік тіл саясаты туралы ойларымен бөлісті. Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары А.Пушкин мен Т.Шевченко поэзиясын орыс, қазақ және өзге тілдерде мәнерлеп оқумен қатар, ақындардың өлеңдеріне жазылған әндер мен романстарды орындады. «Украина» ансамблі бастаған өнер­паздар арнайы әзірленген концерттік бағдар­лама ұсынды. Мәдени іс-шараны өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан қатысу­шы­ларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

http://almaty-akshamy.kz/?p=20590

«Алматы ақшамы» газеті