АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Әлихан Бөкейхан


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРМАҚ
Көрсетілім саны: 1010

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРМАҚ

13.05.2014  Әмірлан МӘУЛЕН

Ана тіліміздің аясын кеңейтіп, кеңінен насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау өтеді. Ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. 

Көзделген міндет – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және көтермелеу.

Ал шарттарына тоқталсақ, байқауға тіл саясаты, мемлекеттік тіл ахуалы ту­ралы өткір де өзекті материалдар жолдануы тиіс. Жүзден жүйрік шыққан жеңім­паздар «Баспасөздегі үздік журналист», «Интернет-сайттағы үздік журналист», «Үздік тележурналист», «Үздік радиожурналист» аталымдары бойынша мара­патталады. Қазылар алқасы 2013 жылғы 1 шілдеден бері қазақ және орыс тіл­дерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларды қамтиды. 

Байқауға қатысу үшін жеке авторлар Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш береді. Сондай-ақ жарияланған өнімдерін (газет, журнал, сайт беттері, бейне және аудиожазбалар) өткізеді.

Шара Баспасөз күні қарсаңында қорытындыланады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге арнайы дипломдар мен ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

http://www.aikyn.kz/news/view/48932

«Айқын» газеті