АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиіспіз. Ахмет Байтұрсынов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Тіл саясатын насихаттап жүрген журналистерге байқау жарияланды
Көрсетілім саны: 1003


Тіл саясатын насихаттап жүрген журналистерге байқау жарияланды

12 Мамыр 2014,

Астана. 12 мамыр. BAQKZ – Алматыда «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау өтеді,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау мақсатында өтетін байқау қазақ тілін дамытуды насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысын бағалап, оларды жігерлендіруді көздеуде. Конкурсты Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр. 
Қазақ тілінің бүгінгі ахуалы жайлы өткір де өзекті материалдар жариялаған журналистер жеке-жеке «Баспасөздегі үздік журналист», «Интернет-сайттағы үздік журналист», «Үздік тележурналист», «Үздік радиожурналист» номинациясы бойынша сараланатын болады. Оған қатысушы қаламгерлердің 2013 жылғы 1 шілдеден бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған туындылары қамтылады.
Байқауға қатысу үшін журналистер алдын-ала ұйымдастырушыларға өтініш жазуы керек және материалдарын жарияланған түрінде өткізуі тиіс. Баспасөз күнінің қарсаңында мәреге жететін байқау жеңімпаздарына тиісті дәрежедегі дипломдар мен ақшалай немесе бағалы сыйлықтар тапсырылады. 
Телефон: 2631527; 87078070102. эл.пошта: nurkyz999@mail.ru. 

 

http://baq.kz/kk/news/47017

«Baq.kz» сайты