АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиіспіз. Ахмет Байтұрсынов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

ХАЛЫҚТЫҢ ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ — ТІЛ
Көрсетілім саны: 1188

http://almaty-akshamy.kz/?p=19627

ХАЛЫҚТЫҢ ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ — ТІЛ

01.05.2014

Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқар­масы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қаладағы этно-мәдени орталықтардың өнер ұжымдары мен өнерлі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен   Әдебиетшілер үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты қалалық фести­валь өткізді. Тілдерді дамыту, мұра­ғаттар және құжаттама басқармасы­ның басшысы  Мамай Ахетов, «Ирны­хас» осетин мәдени орталығының төрағасы Қазбек Мансуров, «Возрож­де­ние» неміс мәдени орталығының оқы­тушысы Светлана Щубина фести­вальға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, тіл бірлігін нығайту, Қазақстанда тұратын барлық этнос­тардың тілдерін сақтау мақсатында өткізілген фестивальда Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін насихаттау, қазақстандық руха­ни бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбие­леп, қазақтың және өзге ұлттар мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті  мен тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсетуді көздеген фестивальға қатысушылар қазақ халқының және өзге ұлт өкілдерінің өнері мен әдебиетін насихаттау мақса­тында сахнаға шықты. Өнер иелері ән салып, би биледі, мәнерлеп өлең оқып, музыкалық аспаптарда ойнады. Қазақ тілі мен өз тілінде өнер көрсетті. «Экзерсис» тобы «Ахчик­нэр» армян биін, Эльгама Надырова мен Ксения Николаева неміс әні «Тумбалалайканы», Селез­нев атындағы би мектебі «Дағыстан биін», ауған ұлты­ның өкілдері «Мы желаем счастья  вам» әнін, Алина Абдиева «Ешил» түрік әнін, Адылжан Махбиров «Ұй­ғыр әнін» шебер орындады. Скрипкашылар тобының сүйемелдеуімен Валерия Хмелевская Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Жанна Верещак «Қазақ елі осындай», поляк ұлт өкілдері скрипкада «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін, «Атаман» би ансамблі «Қазақ биін» орындағанда, көрермендер риза болып, қол соғып отырды.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында  мемлекеттік қызметшілерге, әлеуметтік қорғалмаған қала тұрғындарына, түрлі этнос өкілдеріне қазақ, ағылшын және этностардың ана тілдерін оқыту курстары жұмыс істейді. Қазіргі таңда 80 оқу тобында 804 тыңдаушы қазақ тілін және 24 оқу тобында 216 тыңдаушы ағылшын тілін үйренуде. Сондай-ақ, Алматы қаласын­дағы этно-мәдени орта­лық­тардың жексенбілік мектепте­рінде 4 топта 2 тыңдау­шы қа­зақ тілін, 8 топта 88 тың­даушы кәріс, шешен, неміс, осетин, поляк, әзірбайжан және түркімен тілін үйре­ніп жүр. «Тіл – татулық тірегі» мерекелік шарасы, «Пушкин оқулары», «Абай оқулары» қалалық байқау­лары мен «Ана тілім – ардағым» атты қалалық фести­валь этно-мәдени орталықтарының өнер ұжымдары мен өнерлі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен бірнеше жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Елбасымыз белгілеп берген, елімізде жүр­гізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының арқасында өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметі күн сайын артып келеді.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

«Алматы ақшамы» газеті