АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиіспіз. Ахмет Байтұрсынов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Жазушылар одағында «Тіл татулық тірегі» атты фестиваль өтті
Көрсетілім саны: 1173

http://www.almaty.tv/kz/newsline/news/zhazushylar-oda-ynda-t-l-tatuly-t-reg-atty-festiva.html

Жазушылар одағында «Тіл татулық тірегі» атты фестиваль өтті

30.04.2014

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан Жазушылар одағында «Тіл татулық тірегі» атты фестиваль өтті. Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастырылуымен өткен іс-шараға өзге ұлт өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

«Фестивальдің басты мақсаты қазақ тілінің қолданылуын дамыту, ұлт бірлігін сақтау және еліміздегі этностардың тілдеріне құрмет көрсету. Сонымен бірге, өзге ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуі тәуелсіз еліміздің жетістіктерінің бірі екендігін дәлелдеу», - делінген хабарламада.

Аталымыс шара Қазір қаламызда түрлі этнос өкілдерінің басын бір ортаға тоқыстырып, олардың салт-дәстүрі мен мәдениет, өнерін дүйім жұртқа паш етуге мүмкіндік берді.

Мерекелік іс-шараның аяғы «Берекелі жерден мереке кетпес» деген атауымен концертік бағдарламаға ұласты. Кеште «Еркем-ай», «Шашу» би ансамбльдері мың бұрала билесе, Валерия Хмелевская бастаған скрипкашылар тобы Абайдың «Желсіз түнде жарық айын» орындады. Сондай-ақ, фестивальде армян, неміс, түрік, орыс, ұйғыр, ауған және басқа да ұлт өкілдері өнерлерімен келген қонақтарды тамсандырды. 

"Алматы" телеарнасы