АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

СЫЙЛЫҚҚА – «СИҚЫРЛЫ ҚАЛАМ»
Көрсетілім саны: 1132

СЫЙЛЫҚҚА – «СИҚЫРЛЫ ҚАЛАМ»

05.03.2014

Алматы қаласы әкімдігінде екі игілікті жобаның тұсауы кесілді. 
Оның бірі қазақ бүлдіршіндерінің тілін дамытып, дүниетанымын кеңейтетін «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік жобасы болса, екіншісі — халық эпостарының желісімен түсірілген «Қазақ эпосы» анимациялық фильмдер жинағы.

«Сиқырлы қалам» – мектеп жа­сына дейінгі балаларға арнал­ған жаңа бағыттағы инновация­лық құрал. Бұл құрылғы өз ке­зегінде балабақша тәрбиешіле­рінің оң қолына айналмақшы. Себебі бала «Сиқырлы қалам­ның» көме­гімен сөздерді буынға бөлуді, са­науды, сөйлем құрауды үйренеді. Интерактивті құрал тілдік қоры енді толысып келе жатқан бүлдір­шіннің дүниетаны­мын кеңейтіп қана қоймай, оны қазақ және ағылшын тілдеріне де баули түс­пек. Озық үлгідегі за­ма­науи тәр­биеші құрылғы бұйырт­­­­са, қала­мыздың барлық балабақша­ларына таратылмақшы. 
Ал «Қазақ эпосы» халықтың жыр-дастандары мен ертегіле­рінің бейнелі нұсқасы іспетті. Хронометражы 400 минутты құрайтын анимациялық фильм­дер жинағында Алпамыс, Қо­быланды, Ер Тарғын, Қамбар сынды ескінің аңызға айналған батырларының ерлігі баяндалады. Сондай-ақ бұл топтаманың ішінен қазақтың қысқа аңыз-ер­тегілері, қызықты сюжеттер еніпті. 
Тұсаукесер барысында ұйым­дастырушылар фольклортанушы ғалымдар мен журналистерді «Сиқырлы қаламның» жұмыс істеу тәсілімен таныстырып, эпос­тан үзінді көрсетті. Көр­сетілімнен соң қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжат­тама басқармасының басшысы Мамай Ахетов сөз алып: «Тіл жайлы талай айтылып жатыр. Көп сөзден гөрі, игілікті іске көшкен жөн. Сондықтан біз балалар мен балабақшаға қажетті жобалар дайындап шығардық. Алматы қаласының әкімі Ах­метжан Есімовтің тікелей бақы­лауымен жүзеге асқан «Сиқырлы қалам» және «Қазақ эпосы» жобалары бүлдіршін­деріміздің игілігі үшін дайындалды. Екі жоба да қазақ тілін үйретуге, да­мы­туға көп септігін тигізеді» дегенді айтты. 
Ал белгілі журналист, «Жас өркен» ЖШС-ның бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек: «Қазір шыны керек, кітап оқу дәстүрі ұмытылып барады. Мына жинақ өз кезегінде баланы кітап оқуға жетелемекші. Бұл анимациялық фильмді бүлдіршіндеріміздің қызығып көретіні анық» деді. «Қа­зақ эпосын» алдын ала тама­шалап шыққан филология ғылы­мының кандидаты, фольклор­танушы-ғалым Берік Жүсіп те әкімдіктің жұмысы кішкене кө­рермендердің көңілін жаулай­тынын айтты. «Жинақты көріп шыққан соң қазақ эпосы өзінің құбыласын енді тапқан екен деген ойға келдім. Неге десеңіз, жинақ­тағы оқиғалар ескі түпнұсқа желі­сінен еш ауытқымапты. Оқиға желісі де, кейіпкерлердің сөз сап­тауы да керемет. Бұл туындының бүлдіршіндеріміздің дүниета­нымына ерекше әсер ететіні сөз­сіз» деп әкімдіктің игі баста­ма­сына ризашылығын білдірді. 
Жиын барысында мамандар анимациялық фильмдердің сапа­сын да назардан тыс қалдырмады. Олардың пікірінше, қазақ мульт­фильмдерінің кем-кетігі жыл өткен сайын түзеліп келеді. Яғни үнемі орашолақтау шығатын мульт­кейіпкерлердің тұлғасы, әсіресе, қазақ байларының бол­мысы бір ретке келтірілген. Сон­дай-ақ жұтаңдау шығатын кейіп­керлердің киімі де түзеліп, сөз сап­тауы да, жүріс-тұрысы да бұ­рын­ғы күйінен өзгеріпті. Солай­ша кішкентай көрермендерімізге көп ұзамай жол тартатын екі жо­баға да мамандар жақсы бағасын берді. Алматы әкімдігі ұсынған бұл базарлық балаларымыздың да, сыншы қауымның да көңілі­нен шығып қалар деген үміттеміз.

Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/44032