АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Алаш болып шашау шықпау – бірліктің басы. Міржақып Дулатов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Қазақ тілін үйрететін жаңа кешенді әдістемелік құрал жарық көрді
Көрсетілім саны: 1032

«Хабар» телеарнасы

Қазақ тілін үйрететін жаңа кешенді әдістемелік құрал жарық көрді

5 наурыз 2014
Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрететін заманауи әдістемелік кешен жарыққа шықты. «Сиқырлы қалам» деп аталатын интерактивті құрал балалардың қазақ және ағылшын тілдерін тез меңгеруіне мүмкіндік береді. Жоба Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жүзеге асып отыр. 
«Сиқырлы қалам» жобасында мектеп жасына дейінгі балаларға тіл үйрету мүмкіндігінше жеңілдетілген. Әрі ол анимациялық көріністермен жасалғандықтан сәбилердің назарын бірден аударады. Бұл интерактивті кешенмен жаттыққан балалар қазақ және ағылшын тілдеріне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, сөздерді буынға бөлуді, санауды және зат есімдерін жеңіл үйренеді. Сондай-ақ, «Тілдерді дамыту-2011-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы да жарық көрді. Жинаққа Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын мен Қамбар батырлар ертегілері енген. Жоба авторлары жинақты бүлдіршіндерге қазақ әдебиетінің құнды эпостарын насихаттауда таптырмас әдіс деп отыр. Және бұл туындылар олардың ұлт мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын оятып, қайырымдылық пен өжеттікке тәрбиелейді. Жалпы екі жобаға 130 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Тілдерді дамыту басқармасының өкілдері мемлекеттік тілді насихаттауға арналған жаңа жобалармен барлық балабақшаларды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 
Мамай Ахметов, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
- Тілдің төңірегінде әңгімеден гөрі нақтылы іске көшетін кез келді. Яғни, балабақшаның сыртын қазақша деп атағанмен оның ішкі мазмұнын ішкі затын өзгертпей болмайтыны көзіміз жетті де осы Алматы қаласында бірнеше жылдан бері анимациялық фильмдерді жасауды қолға алған болатынбыз. Енді келесі кезеңде біз етене жақын қазақ баласының табиғатынан туындайтын қазақ эпостары соның алғашқы қарлығашы десек болады.

http://www.khabar.kz/kz/view/news_culture/page_64326_kazak-tilin-yiretetin-zhana-keshendi-adistemelik-kural-#page