АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдердің жаңа жинағының тұсауы кесілді.
Көрсетілім саны: 1129

«31-арна»

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдердің жаңа жинағының тұсауы кесілді.

04.03.14

Қазақтың һас батырларын өскелең ұрпақ енді ұлттық нақыштағы мультфильмдер арқылы да танитын болды. Бүгін Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдердің жаңа жинағының тұсауы кесілді. Шығарушылар тілі жатық, бүлдіршіндеріміздің жас ерекшеліктеріне сай отандық туынды көп ұзамай көпшілікпен қауышады деп отыр. 

Алпамыс, Қобыланды, Ер тарғын мен Қамбар батырларымыздан келте тонды Кеңес үкіметі тұсында қол үзіп қала жаздадық. Енді міне халық ауыз әдебиетінің асыл үлгісі - эпостар кішкентай көрермендердің бала жүрегіне жол тартпақ. Мультфильмдегі мақал-мәтелдер мен көрнекі сөздер негізіндегі оқыту элементтері сюжетпен бітісе дыбысталып, жатық әрі жеңіл тілде беріледі екен. Бұл бүлдіршіннің санасына салмақ салмай, зердесіне таңбаланып түсіп, рухани дүниесіне дән егуге септігін тигізеді -дейді шығарушылар.

ЖҮСІПБЕК ҚОРҒАСБЕК, жазушы:

 Мен енді осы жасыма келгенде өткенде Ақселеу Сейдімбектің қара сөзбен тәпсірлеп шыққан Алпамыс батырды қызығып отырып оқып шықтым. Ал енді оны қай балаға оқытасыз? Әсіресе мынау әлі бала-бақшаның жасындағы балаларға.    

Анимациялық фильмді бастан-аяқ тамашалап, қазақ эпосы құбыласын енді тапты деген мамандар, туынды ескі желісінен, яғни түпнұсқасынан жаңылмаған -деп баға берді.    

БЕРІК ЖҮСІП, фольклортанушы:

 Қобыландыда Алшағыр ханы, Көбікті ханы бар екі батырдың зынданға түсетін жері, сол жерде қарындас жартылай қазақтың қаны бар болғаннан кейін, қаны ойнап қос батырды зынданнан шығарып жіберетін жері бар. Бұл да қаны бар қазақтың тұла бойын құмырсқа жүгірмей көріп отыра алмайтындай жағдай туғызады, мына мультипликацияда солай жасалған.    

Сонымен қатар, мектепке дейінгі балаларға арналған "Сиқырлы қалам" деп аталатын интерактивті оқу-әдістемелік кешені де жарыққа шықты. Тұңғыш рет қолданысқа енген тіл үйрету құралы қазақ және ағылшын тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді екен. Құрылғының ерекшелігі оның кез келген теледидар мен компьютерге қосылу мүмкіншілігінде екен.   

Біткен іске сыншы көп десек те, 40 сериядан тұратын, 4 эпос пен халық ертегілерін қамтыған, 6 сағатқа жалғасатын жаңа анимациялық фильмдер жинағы - көптің қуанышына ортақ болатыны сөзсіз.

Жанар Жолтаева, Данияр Жүсіпов.

 

http://www.31.kz/video/show/id/1195/