АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі пайда болды
Көрсетілім саны: 1084

 Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі пайда болды

03.03.2014

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, мемлекеттік тапсырыспен шығарылған өнімдердің тұсаукесерін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік тапсырыспен, жаңа технологияларға сай шығарылған өнімдерді көпшілікке таныстыру, қазақ тілін үйретуге арналған көмекші-әдістемелік құрал ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қамтамасыз ету.

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша шығарылған. Жинаққа «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» мультфильмдері және қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер енген.

Ұлттық нақыштағы мультфильмдер жас ұрпақ тәрбиесіне аса қажетті құралдардың бірі. Бұл жоба бүлдіршіндерге халық ауыз әдебиетінің асыл үлгісі эпостар арқылы тіл үйретудің жеңіл әрі ойнақы тәсіліне негізделген. Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы баланың туған тіл, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін дамытуға, рухани тәрбиенің бекуіне жол ашады.

«Алматы» телеарнасы

 

http://www.almaty.tv/kz/newsline/news/aza-t-l-n-o-ytudy-zha-a-d-stemes-payda-boldy.html