АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек. Шерхан Мұртаза


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы жарық көрді
Көрсетілім саны: 1039

28 Ақпан 2014

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы жарық көрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы аясында қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы шығарылды. Жобаның таныстырылымы наурыздың 4-інде әкімшілік ғимаратында өтеді.

Бұл жинаққа «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» мультфильмдері және қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер енген. Өнімнің хронометражы - 400 минут. 
Жоба Алматы қаласының әкімдігімен Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. 
Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызының айтуынша, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын отандық туындының тілі жатық, баланың жас ерекшелігіне сай құрылған. Әр сериядағы қазақ мақал-мәтелдерінің негізіндегі оқыту элементтерінің сюжетпен байланыстыра дыбысталуы баланың қазақ тіліне деген қызығушылығы мен тіл үйренуге деген ықылас-ынтасын арттырады.
Биыл бұл жинақ қазақ тілін үйретуге арналған көмекші-әдістемелік құрал ретінде қаладағы барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне таратылатын болады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2634897