АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың тамыры – тіл,Қазығы – дін. Қадыр Мырза Әли


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Өнер сайысы Тәуелсіздік күніне арналады
Көрсетілім саны: 1073

 Өнер сайысы Тәуелсіздік күніне арналады

Алаш айнасы

7 желтоқсан 2013

   Алматыда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ана тілім – ән-жырым» атты қалалық өнер байқауы өтеді. Бұл – әншілер, термешілер мен көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы.

   Байқауды қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр. Мақсат – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету, ұлттық рух пен ел бірлігін нығайту. Өнер байқауы «Сұлу сазды, әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы, ойлы көркемсөз» атты үш номинация бойынша өткізіледі. Қатысушылар Отан, туған жер, Қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды таңдауы тиіс. Орындалатын шығарма көлемі 3-5 минуттан аспауы керек. Ән салғанда тек минус түріндегі дайын фонограмманы қолдануға ғана рұқсат етіледі. Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын орындауға болмайды. Сайыскерлердің өнерін бағалау кезінде олардың орындау шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, шығарманы таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылады. 18-ге толмаған өнерпаздар байқауға қатыса алмайды.

   Қазылар алқасы құрамына белгілі өнер шеберлері, ақын-жазушылар, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері еніп отыр. Олардың шешімі алқа төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады. Байқаудың қорытынды сайысы желтоқсанның 12-сі күні сағат 14.00-де Жетісу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Болатбек МҰХТАРОВ

http://alashainasy.kz/duman/48081/