АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқау өтеді
Көрсетілім саны: 1114

Алматыда «Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқау өтеді

ҚазАқпарат
05 Желтоқсан 2013

Алматыда 12 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқау өтеді.
Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты: қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және дарынды жандарға қолдау көрсету. Байқау ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды, әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы, ойлы көркемсөз» атты үш аталым бойынша өткізіледі. Оған ән салу, терме айту және көркемсөз оқу шеберлігі бойынша 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Олар бұл үшін жергілікті аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өтініш береді. Аудандық іріктеуден өткен соң ғана өнерпаздар өз ауданының атынан қалалық байқауға қатысатын болады. Онда әр ауданнан әр аталым бойынша бір-бірден 3 өнерпазға ғана жолдама беріледі. Қатысушылар Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды таңдауы тиіс. Орындалатын шығарма көлемі 3-5 минуттан аспауы керек. Ән салғанда даусы жазылған дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады, тек минус түріндегі дайын фонограмманы қолдануға рұқсат етіледі. Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын орындауға болмайды. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың ән салу, терме айту, домбыра тарту, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, шығарманы мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылады.
 
 
Ерлік Ержанұлы


http://kazinform.kz/kaz/article/2611525