АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды. Күлтегін


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтіп жатыр
Көрсетілім саны: 1134

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтіп жатыр

Қазақпарат

22 Қараша 2013

   Бүгін Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтіп жатыр.

  Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және талантты жастарды жан-жақты көтермелеу мақсатындағы бұл шараны қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр.

  «Оған 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысуда. Үш кезеңнен тұратын бұл өнер бәсекесінде олар алдымен прозалық, одан кейін драмалық шығармадан үзінді оқиды. Ал ақтық кезеңде мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түседі. Қазылар алқасы бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады», - дейді аталмыш басқарманың бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы.

Ерлік Ержанұлы

http://www.inform.kz/kaz/article/2607791