АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек. Шерхан Мұртаза


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«ТІЛДАРЫН – 2013»
Көрсетілім саны: 1139

 «ТІЛДАРЫН – 2013»

Айқын газеті

15.11.2013

   Жақында Бурабайда «Тілдарын-2013» республикалық олимпиадасы болып өтті. Алматы қаласының атынан сайысқа түскен Әсем Қашқынбекова өзіне жүктелген сенімді ақтап, республикалық «Тілдарын» олимпиадасында бас жүлделі болып оралды. 

   Бұл сайысты  ұйымдастырушы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.  Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету болып табылды. Аталған шараға 18-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Сондай-ақ жарыстың әділ өтуін қадағалайтын әділ қазылар алқасын  журналист, аудармашы, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызы бастаған  майталмандарынан құралды.

   Сайыста  таңдаған тақырып бойынша тұсаукесер өткізу;  берілген тақырып бойынша эссе жазу; берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау арқылы сынға түсті. Онда  үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейіне, білікті аударма жасауына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне  мән берілді. Аталмыш шарада  нағыз ойды үш тілде жеткізе білуі  мен аударма жасау қабілетіне қарай 7 үміткер арасынан ерекше қабілетімен танылғандар ашық дауыс беру арқылы анықталды. Байқау қорытындысы бойынша І-орынды М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсем Қашқынбекова иеленсе, II орын Медеу ауданы Халықаралық Бизнес академиясының оқытушысы Салтанат Құдайбергеноваға бұйырды. ІІІ-орынды  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мұғалімі Жаннұр Манапбаева қанағат тұтты. Барлық қатысушыларға арнайы  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Ходжахметова Жадыра

http://aikyn.kz/articles/view/35616