АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Бауыржан Момышұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Әсем Қашқынбекова «Тілдарын - 2013» республикалық олимпиадасының бас жүлдегері атанды
Көрсетілім саны: 1069

Әсем Қашқынбекова «Тілдарын - 2013» республикалық олимпиадасының бас жүлдегері атанды

07 Қараша 2013

http://www.inform.kz

Алматыдағы М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсем Қашқынбекова Бурабайдағы «Тілдарын-2013» республикалық олимпиадасынан олжалы оралды. ҚР Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен додада Алматы қаласының намысын қорғады.

«Ол бұған дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген 18-25 жас аралығындағы үміткерлер арасында өткен қалалық олимпиадада І-ші орын алған болатын. Онда жастардың тілдерді меңгеру деңгейіне, білікті аударма жасауына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне мән берілді. Таңдаған тақырып бойынша тұсаукесер өткізу, берілген тақырыпқа эссе жазу, берілген мәтінге ілеспе аударма жасау кезеңдерінен тұратын сайыста Ә.Қашқынбекова жеңімпаз атанды», - дейді Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқарманың бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы. Оның айтуынша, 7 үміткердің ішінен үздіктер ашық дауыс беру арқылы анықталды. М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсем Қашқынбекова, Халықаралық бизнес академиясының оқытушысы Салтанат Құдайбергенова және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мұғалімі Жаннұр Манапбаева 1-3 орынды өзара бөлісті.

 

Ерлік Ержанұлы

http://www.inform.kz/kaz/article/2603458