АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды. Күлтегін


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтеді
Көрсетілім саны: 1082

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтеді

01 Қараша 2013 ж

http://www.inform.kz

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын жариялады.

Басқарманың бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызының айтуынша, бұл шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу. Оған 17 қарашаға дейін басқармаға өтініш берген 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Онда тек кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, және осы байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары байқауға жіберілмейді. Байқауға қатысушылар төмендегідей тапсырмаларға алдын ала дайындалып келуі керек: прозалық шығармадан үзінді оқу, драмалық шығармадан үзінді оқу, мәнерлеп өлең оқу. Оқылатын мәтін көлемі 3-4 минуттан аспауы тиіс және үміткерлердің дайын фонограммаларды пайдалануына тыйым салынады. Сондай-ақ белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды, талапкерлер оқитын мәтіндерін жатқа білулері қажет.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

 

Ерлік Ержанұлы

http://www.inform.kz/kaz/article/2601937