АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың тамыры – тіл,Қазығы – дін. Қадыр Мырза Әли


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтеді
Көрсетілім саны: 1105

Көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтеді

 

23-қазан, 2013 ж

Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтеді. Мәнерлеп оқу шеберлігін сынға салғысы келетін жастар қарашаның 17-сіне дейін Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш білдіруі қажет.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді, талантты жастарды жан-жақты көтермелеуді және жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуды мақсат етеді. Сөз шеберлері сайысына 15-30 жас аралы­ғын­дағы талапкерлер қатыса алады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ бұл байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары сынға жіберілмейді. Байқауға қатысушылар прозалық шығармадан, драмадан үзінді оқуы керек және бір өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Оқылатын мәтін көлемі 3-4 минут­тан аспауы керек, дайын фоно­граммаларды пай­далануға тыйым салынады. Белгісіз автор­лардың көркемдігі төмен шығар­маларынан үзінді оқуға болмайды, талап­керлер оқитын мәтіндерін жатқа білуі қажет.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шебер­лігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына және киім сәніне де баса назар аударады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлық­тар тапсырылады. Қаты­су­шыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Болатбек МҰХТАРОВ

Алаш айнасы

http://alashainasy.kz/duman/46819/