АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама. Дінмұхаммед Қонаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Насихаттық фестиваль
Көрсетілім саны: 1163

http://egemen.kz

24.09.2013

Насихаттық фестиваль

 

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, жұма күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтті.

– Тіл мәселесін балабақшадан бастау қажет деген сөзіміз нақты іс арқылы нәтижесін бере бастады. Бүгінгі таңда қаламыздағы мем­­лекеттік балабақшаларда орыс тілін­де тәрбиеленіп жатқан бала­лар­дың саны – 15 мың 343 болса, қазақша тәрбие алатын балалардың саны 30 мың 162-ге жетіп, алдыңғыларынан екі есеге асып түсті, – деді Алматы қаласының әкімі фестивальдің ашылу салтанатында.

Алматы қаласының жалпы орта білім мекемелерінде қазақ тілін меңгеруге ерекше назар аударылуда. Еліміз бойынша тек Алматы қаласында ғана қазақ тілінде оқы­та­тын мектептерде қазақ тілі саба­ғында сыныптарды екі топқа бөліп оқыту қарастырылған. Оған өткен оқу жылында жергілікті бюджеттен қосымша 396 млн. 410 мың теңге бөлінді.

Алматы – жастардың қаласы. Қазір қаламыздың жоғары оқу орындарында 187 мыңдай студент білім алуда. Солардың жартысынан астамы қазақ топтарында оқиды.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқи­тын бала­ларға арналған қазақ балалар әдебиетінің туын­ды­­лары енген «Балаларға базар­лық», «Шәкірттерге шашу», жас­өс­пірімдер үшін қазақ қалам­гер­лерінің шығармаларынан құ­рас­тырылған «Асыл сөз» атты аудиокітаптар шығарылды. Соны­мен бірге, балалар үшін үш таспадан тұратын, қазақ тілін үйренуге арналған бейнеқұрал жарық көрді. Оған әлем халықтары ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 50 слайд-шоу ертегі, «Бізді қоршаған әлем» атты 1000 сөзді қамтитын орыс­ша-қазақша суретті аудио-сөздік енгізілді.

Тағы бір үлкен жоба – «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты және қазақ халық ертегілері мен эпостарының желісі бойынша түсі­рілетін көп сериялы мульт­фильмдер жинағын шығару ісі қолға алынды. 2009-2011 жылдар аралығында «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» мультфильмінің 85 сериясы жарық көрді. Жоба 2013 жылы белгілі қазақ эпостарының желісінде түсірілген анимациялық фильмдермен толық­ты­рылмақ. 3D форматындағы графи­калық тәсілмен жасалған қазақ тіліндегі тұңғыш мультфильмнің басты ерекшелігі – тіл үйретуге арналған бағдарлама енгізілгені және қазақ халқының этнографиясынан бір­қатар мағлұмат беретіндігі.

Мемлекеттік тіл саясатын кеңі­нен насихаттау мақсатында аудан әкімдіктерінің, басқармалардың атсалысуымен, қаладағы этномәдени орталықтармен бірлесіп, Абай, А.Байтұрсынұлы, А.Пушкин оқу­­лары және славян жазуының күн­­дері, «Үздік аудармашы», «Мем­лекеттік тіл және бұқаралық ақ­парат құралдары», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», «Көрікті жарнама – көркем тіл», «Көркем сөз оқу шеберлері» атты байқауларды өт­кізу дәстүрге айналған. Мемле­кеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты тақырыптарда түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылып тұрады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

http://egemen.kz/kz/rukhaniyat/27304-nasikhatty-festival