АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Мемлекеттiк тiлдi меңгергендер 62 пайызға жеттi
Көрсетілім саны: 1007

20.09.2013 http://almaty-akshamy.kz

Мемлекеттiк тiлдi меңгергендер 62 пайызға жеттi

Өтеш ӨТЕУЛIҰЛЫ

Қазақстан халқының Тiлдерi күнi мерекесiне орай Ғ. Мүсiрепов атындағы академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театрында «Ана тiлiм – ардағым» атты фестиваль болып өттi

Жыл бойы қаладағы жергiлiктi атқарушы органдарда, кәсiпорын­дарда, бiлiм мекеме­лерiнде мемлекет­тiк тiл саясатын насихат­тауға бағыт­талған түрлi шаралар ұйымдас­ты­рылды. Бұл фестиваль сол шаралар­дың қорытындысы болып табылады. Фестиваль­дiң мақсаты – қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлi әлеуметтiк топтардың күшiн мемле­кеттiк тiл саясатын тиiмдi жүргiзуге, ынтымақтастықты, рухани тұтас­тықты, қазақ­стандық патриотизмдi нығай­туға, ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге жұмылдыру.

Фестиваль барысында Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов құттықтау сөз сөйлеп, осыған дейiн өткен «Мемле­кеттiк тiл және БАҚ», «Мемлекеттiк тiл – менiң тiлiм», «Үздiк аудармашы», «Қазақ тiлiнiң үз­дiк оқытушысы», «Абай оқулары» қалалық бай­қау­ларының жеңiмпаз­дарын марапаттады. Сонымен бiр­ге, мерекеде Қазақстанның атақ­ты әншiлерi мен эстрада жұлдыз­дары­ның қатысуымен концерт берiлдi.

 

http://almaty-akshamy.kz/?p=13094