АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Алматы» телеарнасы
Көрсетілім саны: 1100

«Алматы» телеарнасы   

http://almaty.tv

23.09.2013 ж 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге атсалысып жүрген азаматтар шаһар басшысының арнайы сыйлығымен марапатталды. Қаламызда жыл бойы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында түрлі байқаулар ұйымдастырылған болатын. Шара қорытындысы "Ана тілім - ардағым" атты фестиваль барысында белгілі болды. Үздіктер тізімінде біздің арнаның тілшісі Дастан Сапашев көш бастап тұр. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

«Елімізде өзіміздің қаракөздер үлесі 65 пайызға жетіп отыр. Сол көрсеткіш қашан жаппай қазақ тілінде сөйлейтін болса, сонда ғана мемлекеттік тілдің жағдайы дұрысталып, ата заңда көрсетілген статусқа ие болмақ». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Осы мақсатта тіл саясатын дұрыс пайдаланып, түрлі сала өкілдері арасында алып шаһар бірнеше байқау жариялаған болатын. Бүгін сол жарыстың жеңімпаздарын қала басшысы Ахметжан Есімов құттықтады. Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауының "Үздік тележурналист" аталымы бойынша Алматы телеарнасының бетке ұстар тілшісі Дастан Сапашев марапатталды.

Одан өзге баспасөз тілшісі, радиожүргізушілері арасында беделі жоғары мамандар айқындалды. Үздіктер тізімінен балабақшадағы қазақ тілінің оқытушысы мен интернет-сайттағы тілшілер, аудармашы мамандар да қалыс қалған жоқ. Бұл тұрғыда алып шаһардағы үздік тележурналист Дастан Сапашев байқаудың әділетті өткеніне және мұндай шаралардың өміршең боларына сенімді.

ДАСТАН САПАШЕВ, "Үздік тележурналист" аталымының жеңімпазы:

- Жалпы мұндай байқаудың маңызы бар деп ойлаймын. Өйткені, қазір біз еліміз егемендік алғаннан кейін, тәуелсіздігімізді тіктегеннен кейін, жалпы тілдің дамуына, тілдің өрістеуіне көп мән беруіміз керек. Бұл байқауда біздің телеарна - "Алматы телеарнасы" үздік көрінді. Жалпы "Алматы телеарнасында" қазақ тілді бағдарламалардың саны, шыны керек, өте көп. Соны әділқазылар алқасы көре білгеніне, жөнді бағалай білгеніне мен қуаныштымын.

Енді елімізде мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тіл білімін тексеретін "КазТест" жүйесі енгізілмек. Жалпы әкім өз сөзінде аудан басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, тіл жағдайын қатаң бақылауында ұстауын талап етті.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, Алматы қаласының әкімі:

- Барлық қалалық құрылымдар, өздеріңнің күнделікті жұмыстарында тілді дамытуға бағытталған іш шаралардың барысын тұрақты түрде қадағалап, ұдайы бақылауында ұстасын. Үшінші, аудан әкімдерінің жыл сайынғы тұрғындармен есептік кездесуінде тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындысын шығарып отырсын!

Биыл өткізілген әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді меңгерген қала тұрғындарының үлесі 62 пайызға жеткен. Ал, ресми мәлімет бойынша, алып шаһарда қазақтардың саны 55 пайыз. Сондай-ақ, оңтүстік астанада мемлекеттік тілде білім беретін 60 мектеп болса, 74 мың мектеп шәкірті қазақ тілінде білім алуда. Бұл көрсеткіштер, әрине көз қуантады. Бірақ, егеменді ел атанғалы тіл тақырыбы әлі де өзекті мәселе болып қала бермек.

http://almaty.tv/kz/news/111-1/ana-t-l-m-arda-ym-atty-festival-ortyndysy-belg-l-b.html