АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда өзге ұлт өкілдерінің 22%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді
Көрсетілім саны: 1126

Алматыда өзге ұлт өкілдерінің 22%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді

АЛМАТЫ23 қыркүйек 2013, 10:27. BNews.kz Фото дереккөзі: kaz-news.info

Алматыда өзге ұлт өкілдерінің 22%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Өткен жылмен салыстырғанда қазақ тілін үйрену 5%-ға өсті, ал тілді мүлдем білмейтіндер саны 4,5%-ды құрайды. Бұл туралы «Ана тiлiм — ардағым атты Қазақстан халықтары күніне арналған фестивальде А.Есімов айтты, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда «Ана тiлiм — ардағым атты Қазақстан халықтары күніне арналған фестиваль өтті. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

«Ресми мәлімет бойынша алматылықтардың 55 пайызы - тұрғылықты халық. Өзге ұлт өкілдерінің 22%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Өткен жылмен салыстырғанда бізде қазақ тілін үйрену 5%-ға өсті, ал тілді мүлдем білмейтіндер дені 4,5%-ды құрайды», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгінгі таңда бала бақшаларда қазақ тілін үйреніп жүрген бала саны 30 мыңнан асады. Қазіргі кезде Алматының 60 мектебінде білім беру мемлекеттік тілде жүреді. Кейін екі тілде сабақ жүретін 58 мектеп тек қана қазақ тілінде оқытатын болады.

Қала басшысы тіл мәселесіне қатысты көптеген шаралардың жүріп жатқандығын айтты. Жергілікті бюджет есебінен Алматыда қазақ тілінде 125 сериялы анимациялық фильм шығарылды.

Шара соңында қала басшысы бірқатар қалалық конкурс жүлдегерлерін марапаттады, олардың арасында Е.Шашаев, С.Ержанова, Б.Балаубаева, Д. Сапашов, Қ. Жұмаханова, Е. Ержанұлы, Л. Уразаева бар.

 

 

http://www.bnews.kz/kk/news/post/160308/