АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың тамыры – тіл,Қазығы – дін. Қадыр Мырза Әли


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Ертең Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтеді.
Көрсетілім саны: 1065

www.bnews.kz

Ертең Алматыда «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтеді.

АЛМАТЫ19 қыркүйек 2013, 21:49. BNews.kz 

 

Ертең Алматыда Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында  «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Жыл бойы мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған түрлі шаралар фестивалде қорытындыланады.

Фестивальдің мақсаты - қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың күшін мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізуге, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге жұмылдыру.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматыда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері мен қала тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары жұмыс істейді. Этномәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілімен қатар өздерінің ана тілдері оқытылады.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған қазақ балалар әдебиетінің туындылары енген «Балаларға базарлық», «Шәкірттерге шашу», жасөспірімдер үшін қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан құрастырылған «Асыл сөз» атты аудиокітаптар шығарылды.

Тағы бір үлкен жоба – «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты көп сериялы мультфильмдер жинағын шығару ісі қолға алынды. Анимациялық фильмдерді жарыққа шығарудағы мақсат – мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тіліндегі қарым-қатынастық орта қалыптастыру, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі қазақ тілінің қолданылуы аясын кеңейту. 2009-2011 жылдар аралығында «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» мультфильмінің 85 сериясы жарық көрді. 2012 жылы қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 40 сериялы мультфильмдер жинағы «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша шығарылды. Жоба 2013 жылы белгілі қазақ эпостарының желісінде түсірілген анимациялық фильмдермен толықтырылмақ.

Мультфильмдердің толық жинағын anatili-almaty.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады.
Мерекеде Қазақстанның атақты әншілері мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болады.

 

http://www.bnews.kz/kk/news/post/159877/