АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама. Дінмұхаммед Қонаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Ана тілім-ардағым» фестивалі өтеді
Көрсетілім саны: 1022

 

18 қыркүйек, 2013

http://kaztrk.kz                                         

 

«Ана тілім-ардағым» фестивалі өтеді

20 қыркүйекте Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Ана тілім - ардағым» атты фестиваль өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады. Шара Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылғалы отыр.   

 Фестивальдің мақсаты – қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың күшін мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізуге, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге жұмылдыру. 

 Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

 Нақтырақ айтқанда, тақырыптық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер және байқаулар мен оқулар өткізіледі. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері мен қала тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдері оқыту курстары жұмыс істейді. Этно-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілімен қатар өздерінің ана тілдері оқытылады.

 Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты тақырыптарда түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Елбасы тарапынан тапсырылған «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында орыс ұлтының жастары арасында «Тіл - халық жанын танудың кілті», мемлекеттік тілді меңгерген ұлты өзге мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» сияқты шаралар өткізіледі.

 Сонымен бірге, мерекеде Қазақстанның атақты әншілері мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болады.

http://kaztrk.kz/kaz/news/portal/Ana_tilim_-_ardagim_atti_festivalj_otedi_id1379503396.html#go