АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Алаш болып шашау шықпау – бірліктің басы. Міржақып Дулатов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Сиқырлы қалам» бүлдіршіндерге жол тартты
Көрсетілім саны: 1077

«Сиқырлы қалам» бүлдіршіндерге жол тартты

 «Хабар» телеарнасы http://oldkhabar.softdeco.net/kaz/socium/Sikirli_kalam_buldirshinderge_zhol_tartti.html

Алматыда қазақ және ағылшын тілін үйретуге арналған интерактивті оқу-әдістемелік кешеннің таныстырылымы өтті. 

   Бұл инновациялық құрал арқылы балаларға бір мезгілде оқуға, тыңдауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ қаламды арнайы постерге немесе плакатқа тигізгенде суреттерге жан бітіп, бейнелер үлкен экранға көшіп сөйлей кетеді. Қазақ және ағылшын тілін үйретуге арналған, 60 сабақтан тұратын оқу үрдісінде қолдануға оңтайлы кешен Алматы балабақшаларына алғаш рет ұсынылып отыр. «Сиқырлы қалам» кешенімен жаттыққан бала қазақ және ағылшын тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, екпінді дұрыс қолдана білуді жеңіл меңгереді. Сөздерді буынға бөлуді, санауды, түстердің реңін ажыратуды, жадына түйген сөздік қоры арқылы қысқа сөйлемдер, шағын әңгімелер құруды үйренеді. Мамандардың айтуынша балалар мәліметті алдымен көру арқылы қабылдайды. Инновациялық кешен кез келген теледидарға немесе компьютерге қосылады. Сол арқылы танымдық, қызықты бағдарлама тамашалап отырғандай әсер етеді. Мұғалімнің жұмысы да біраз жеңілдейді.

   Зәуре Еденбаева, «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешен авторларының бірі:
-Бұрындары қазақ тілінің оқытушылары аннан-мұннан іздеп жүретін. Мысалы үшін бүгін жабайы аңдарды көрсететін болса бір жерден арыстанды іздеп тауып әкеліп, бір кітаптан қасқырды алып келіп көрсетіп жатса бұнда дап-дайын плакатта тұр. Және ол плакатта көрсету арқылы олардың барлығының айтылуы және нағыз түр-түсінде анық берілгендігіменен оларды қуантады. Қазір бізде 121 балабақшада қазақ тілі оқытылады.

   Мамай Ахетов, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы:
-Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған Алматы қаласының. Қазір Алматы қаласы бойынша ғана таратып жатырмыз. Бұл мектепке дейінгі балаларға арналса енді бастауыш сыныптарға арналған осының жалғасын жасаймзба деп жоспарлап отырмыз.