АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады. Тоныкөк


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

"Сиқырлы қалам" сөйлейді
Көрсетілім саны: 1004

"Сиқырлы қалам" сөйлейді

«31 арна»   http://www.31.kz/kz/video/47070/index.phtml

   Елімізде "Сиқырлы қалам" атты интерактивті оқу-әдістемелік кешені алғаш рет қолданысқа енгізілді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жобаның басты мақсаты - бүлдіршіндерге оңай әдіспен қазақ және ағылшын тілдерін үйрету.

   Бала қолындағы қаламын тақтаға тигізсе болғаны, суреттерге жан бітіп, экранға көшкен бейнелер сөйлей бастайды. "Сиқырлы қаламның" сырымен таныстырған мамандар, "бала осы арқылы есте сақтау қабілетін арттырады, сөздік қорын молайтып, санауды, түстерді ажыратуды үйренеді"-дейді. Оны кез келген теледидар мен компьютерге жалғауға болады. Алайда, балаларын жекеменшік балабақшаға беретін ата-аналар үшін, бұл қуаныштың ауылы әзірге алыс.   

   Мамай Ахетов, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

 -Бұндай сиқырлы қаламдар тек мемлекеттік балабақшаларға ғана беріп жатырмыз. Ал жекеменшік балабақшаларға берілмейді