АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені іске қосылды
Көрсетілім саны: 1085

«Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені іске қосылды

    i-news.kz http://i-news.kz/news/2012/11/17/6732425.html

   Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжат­тама басқармасы жергілікті атқа­рушы органдардың мектепке дейінгі бі­лім саласына жауапты мамандарының, балабақша басшылары мен қыз­мет­керлерінің, тілдерді оқыту мәсе­лесімен айналысып жүрген ғалым­дар, әдіс­кер-оқытушылар, қоғам­дық ұйым­дар мен БАҚ өкілдерінің қатысуы­мен «Сиқырлы қалам» интерак­тивті оқу-әдістемелік кеше­нінің тұсаукесерін өткізді.

   Мемлекеттік тапсырыспен, жа­ңа технологияларға сай әзір­ленген, қазақ және ағылшын тіл­дерін үй­ретуге арналған «Сиқыр­лы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік ке­шенін көпші­лікке таныстыру, мектепке дейінгі білім мекемелерінің тиісті мамандарына әдістемелік және тех­никалық қолдану тәсіл­дерін көрсету мақсатында «Си­қыр­лы қалам» интерактивті оқу-әдіс­те­мелік кешені – республика бойынша тұңғыш рет қолданысқа енгізіліп отырған, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушы­ларына арналған инновациялық тіл үйрету құра­лы. Қазақ және ағылшын тіл­дерін үйретуге ар­нал­ған, оқыту үрді­сінде қол­дануға оңтайлы кешен Алматы балабақшаларына алғаш рет ұсынылып отыр.

   Инновациялық кешен кез келген теледидарға немесе компьютерге қосылады, сол арқылы та­нымдық, қызықты бағдарлама та­машалап отырғандай әсер бе­реді. Балалар есту, көру, қайталау арқылы сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.

 Тұсаукесер рәсімін ұйымдас­тырушылар бұл өнімдердің Алматы қаласындағы мемлекеттік балабақшаларға тегін таратылатынын айтты.

«Егемен-ақпарат».