АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Елділіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Қазақстан» ұлттық арнасы
Көрсетілім саны: 971

«Қазақстан» ұлттық арнасы

http://www.kaztrk.kz/kaz/news/society/Til_-_tatulik_tiregi_atti_festivalj_otti_id1366459307.html

Тонның ішкі бауындай татулыққа үндейтін 1 мамыр да жақындады. Осыған орай Алматыда бірлік күніне арналған мерекелік фестиваль өтті. Қазақ жерін мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстың басын қосқан «Тіл – татулық тірегі» шарасы бүгінде дәстүрге айналған.

Жылдағыдай қазақ, украин, корей, татар, түркі бар барлық жұрт өздерінің ұлттық мәдениеттерінен шашу шашып, жарыса төл өнерлерін көрсетті. Арнайы көрме де ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілде өз шығармаларын орындады. Татулықты ту еткен Қазақ еліне  алғыстарын жеткізіп, қасиетті домбырамен күмбірлете күй де шертіп берді. 

Наиль Тамендаров, мектеп оқушысы:

Домбыра тартуды маған ешкім үйреткен жоқ, домбыраны қолыма алып, басқаларға қарап үйренгенмін. Біріншіден, мен айтқанда «Беташар» қоям, сосын ол «Көңіл толқынын» тартады, соңын «Келіншекпен» аяқтайды.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ