АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиіспіз. Ахмет Байтұрсынов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Тіл – татулық тірегі» мерекелік шарасы өтті
Көрсетілім саны: 975

Алматыда «Тіл – татулық тірегі» мерекелік шарасы өтті

19 сәуір 2013 «Хабар» телеарнасы http://khabar.kz/kz/view/news_socium/page_9632_almatyda-

Бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік шара өтті. 

Гала-концертке қаладағы барлық этно-мәдени орталықтар арасында өткен өнер байқауының жеңімпаздары қатысты. Бұдан үздік деп танылғандар Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Этно-мәдени орталықтардың өнерпаздары мемлекеттік тілде және өздерінің ана тілінде өнер көрсетті. Бірі мың бұралып би билесе, енді бірі тамылжытып ән салды. Тіпті АҚШ-тан келген азамат та күй тартып, өнер мерекесіне өз үлесін қосты. Этно музыка зерттеушісі Адам Гроуд қазақтың  домбырасын жақсы үйреніп алыпты. Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, «америкалық алғашқы кәсіби домбырашы» атанбақ ниетте. 

Адам ГРОУД, ЭТНО МУЗЫКА ЗЕРТТЕУШІСІ /АҚШ/:
- Домбыраға бір естігеннен аңсарым ауды. Екі ғана ішек қандай дыбыс береді, ғажап музыка. Қазір бірқатар қазақ күйлерін үйреніп алдым. 

Мамай АХЕТОВ, АЛМАТЫ Қ. ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бүгінгі шарамыздың мақсаты - біздің татулығымызды, бұл біздің достығымызды, осы жеткен ең ұлық жетістіктеріміздің бірі - ауызбіршілігімізді көпшілікке көрсету, насихаттау.