АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Бауыржан Момышұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Басқарма туралы ереже
Көрсетілім саны: 3176

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы  25 маусымдағы

№ 2/566 қаулысымен бекітілген 

«Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

 1. «Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында тілдерді дамыту, ономастика, мұрағат ісі және құжаттама саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға Алматы қаласының әкімдігі өкілеттік берген мемлекеттік орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкілерде өз балансы, есеп-шоты, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, мөрлері мен штамптары болады.

Басқарма жеке өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

Басқарма, егер ол бұған Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

4. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қаласы, Республика алаңы, 15.

5. Басқарма қызметін қаржыландыру Алматы қаласының жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.

Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерді орындау мәніндегі келісім шарттық қатынастарға  түсуге құқылы емес.

6. Басқарманың құрылымы мен шектік саны, еңбекақы қоры Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

7. Басқарманың толық атауы:  

мемлекеттік тілде:

«Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде:

Коммунальное государственное учреждение«Управление по развитию языков, архивов и документации города  Алматы».

8. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшы құжаты болып табылады.

9. Мемлекеттік мекемені құру туралы шешім қабылдаған Алматы қаласының әкімдігі Басқарманың құрылтайшысы болып табылады.

 

2. Басқарманың негізгі міндеттері, қызметі мен құқықтары

10. Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, мұрағаттар ісі және құжаттама саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, мұрағаттар ісі және құжаттама саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылау;

3) қазақ тілінің мемлекеттік басқарудың және іс жүргізудің негізгі тілі ретіндегі әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;

4) Алматы қаласында басқа тілдердің сақталуы мен дамуына  жағдай жасау;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

6) басқа органдармен бірге мұрағат ісі мен іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін дамыту және жетілдіру.

11. Басқарманың қызметі:

1) Алматы қаласында тілдерді дамыту, ономастика, мұрағаттар ісі және құжаттама саласында мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

2) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету;

3) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету, Алматы қаласындағы  ономастикалық жұмыстарды үйлестіру;

4) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы сараптамалық-тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған қалалық байқаулар мен әдеби оқулар, Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін, конференциялар,  дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б. өткізу;

6) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету;

7) Алматы қаласында мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену үшін жағдай туғызу;

8) мемлекеттік және басқа тілдерді оқытуға арналған танымдық, интерактивті, электронды бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік, көрнекі және т.б.  құралдар әзірлеу және шығару;

9) мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қажетті  материалдар  әзірлеу және шығару;

10) Алматы қаласында  орнатылатын сыртқы жарнамалар мен  көрнекі ақпараттарды ресімдеуде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;

11) Алматы қаласындағы тілдік ахуал мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер, мониторингтер жүргізу;

12) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары жөніндегі ақпараттық желілер мен мәліметтер базасын құру және жетілдіру жұмыстарын жүргізу;

13) Алматы қаласының аумағындағы мұрағат ісі және іс жүргізу жағдайына талдау жасау, оның үрдістері мен заңдылықтарын зерделеу және даму тұжырымдамасы мен стратегиясын белгілеу;

14) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарынның мемлекеттік есебін жүргізудің біртұтас тәртібін енгізу;

15) Алматы қаласының ведомстволық мұрағаттарының жұмысына және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардағы іс жүргізу жағдайына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және бақылау жасау;

16) шет елдердің мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі Алматы қаласы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды іздестіру, анықтау және олардың көшірмелерін алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

17) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, анықтамалық құжаттар мен материалдар әзірлеу және шығару;

18) гендерлік аспектілерді қарастыру;

19) Басқарма қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау;

20) мемлекеттік органның жұмысының  сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатына оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

21) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының қызметін жүзеге асыру;

22)  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарау, келісу және бекіту;

23) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

24) коммуналдық заңды тұлғаларды мемлекеттік мүлкі бойынша өкілетті органның келісімімен қайта ұйымдастыруды және таратуды  жүзеге асыру;

25)  өзіне жедел басқаруға берілген коммуналдық меншікке иелік ету және  пайдалану құқығын жүзеге асыру;

26) Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының әкімі жүктеген өзге де  міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

12. Басқарма негізгі міндеттерін жүзеге асыру және өзінің қызметін орындау үшін заңнамамен  белгіленген тәртіппен төмендегідей құқықтарға ие:

1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан қажетті ақпарат сұрау және алу;

2) Алматы қаласының мемлекеттік органдарының және басқа ұйымдарының өкілдерін тіл саясатын жүзеге асыру, мұрағаттар және іс жүргізу жағдайы мәселелері бойынша тыңдау;

3) Алматы қаласының мемлекеттік органдарының және басқа ұйымдарының Қазақстан Республикасының тіл туралы және мұрағат ісі туралы заңнамаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының тіл туралы және мұрағат ісі заңнамаларымен белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсыныс беру, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы және мұрағат ісі туралы заңнамаларының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізу. 

13. Басқарманың мекемені құру мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуына құқығы жоқ.

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру 

14. Басқарманы Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.

15. Бастық Басқарма жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруына жеке  жауап береді.

16. Осы мақсатта бастық:

1) Басқармаға осы Ережемен берілген өкілеттіктер шегінде сенімхатсыз әрекет етеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, жұмыс регламентін, істер номенклатурасын, жұмыс жоспарын және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Басқарма атынан өкілеттік етеді;

6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады және шешімдер қабылдайды;

7) Басқармадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  шаралардың қабылдануына жеке жауап береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

17. Бастық жоқ кезде оның міндеттерін бастықтың орынбасары атқарады.

 


4. Басқарманың мүлкі

18. Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүліктен құралады және негізгі қор мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.

19. Басқарманың мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығында тиесілі және коммуналдық меншікке жатады.

20. Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды заңмен белгіленген тәртіппен өкілетті орган жүзеге асырады.

21. Басқарма өз міндеттері бойынша өз иелігінде бар ақшамен жауап береді. Мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттері бойынша жауапкершілік Алматы қаласының әкімдігіне жүктеледі.

 

5. Ережеге  өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

22. Басқарманың осы Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар  Алматы қаласы әкімдігінің тиісті қаулысын қабылдау жолымен енгізіледі.

23. Осы Ережеге қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Басқарма бұл туралы заңнаммамен белгіленген тәртіпте тіркеуші органға хабарлайды.

24. Осы Ережеге енгізілген өзгертулер (атауын өзгерту) заңды  тұлғаны қайта тіркеусіз жарамсыз болып табылады.

 

6. Жұмыс тәртібі

            25. Басқарманың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі керек.

 

7. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру  (бірігу, қосу, бөлу, бөліну, қайта құру) Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының негізінде жүргізіледі.

28. Мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда сот органдарының шешімдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

29. Басқарма, қосу түріндегі қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа кезде, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген сәттен бастап қайта ұйымдастырылған болып саналады.

30. Басқарманы тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген негіздемелер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

31. Басқарманы тарату аяқталды, ал Басқарма өмір сүруін тоқтатты деп бұл туралы заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазылғаннан кейін саналады. 

 

 

 

Утверждено

постановлением акимата г. Алматы

                                               от 25 июня 2012 года № 2/566   

 

ПОЛОЖЕНИЕ

о коммунальном государственном учреждении

«Управление по развитию языков,

архивов  и документации города Алматы»

 

1. Общие положения

1. Коммунальное государственное учреждение Управление по развитию языков, архивов и документации города  Алматы (далее Управление) является государственным органом, уполномоченным акиматом города Алматы на выполнение функций  государственного управления  и контроля в области развития языков, ономастики, архивного дела и документации на территории города Алматы.

2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, постановлениями акимата города Алматы, решениями и распоряжениями акима города Алматы, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения (государственный орган),  имеет самостоятельный баланс, счета в банках  в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати и штампы со своим наименованием на государственном и русском языках.

Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Место нахождения Управления: Республика Казахстан, 050013, город  Алматы, Площадь Республики, 15.

5. Финансирование деятельности Управление осуществляется  за счет средств местного бюджета города Алматы.

Управление не вправе вступать в договорные отношения с субьектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

6. Структура и предельная численность, фонд оплаты труда Управления утверждается постановлением акимата города Алматы.

7. Полное наименование Управления:

 

на государственном языке: 

«Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

на русском языке:

Коммунальное государственное учреждение«Управление по развитию языков, архивов и документации города  Алматы».

8. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

9. Учредителем Управления является государство в лице акимата города Алматы, принимающего решение о создании государственного учреждения.

 

2. Основные задачи, функции и права  Управления

10. Основными задачами Управления являются:

1)        реализация единой государственной политики в области развития языков, ономастики, архивного дела и документации в городе Алматы;

2)        контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан в области развития языков, ономастики и архивного дела в городе Алматы;

3)        расширение и укрепление социально-коммуникативных функций казахского языка в качестве основного языка государственного управления и делопроизводства;

4)        создание условий для сохранения и развития других языков в городе Алматы;

5)        обеспечение формирования, сохранности и использования документов Национального архивного фонда Республики Казахстан;

6)        развитие и совершенствование архивного дела и государственной системы делопроизводства совместно с другими органами.

11. Функциями Управления являются:

1) разработка и реализация мер по осуществлению государственной политики в области развития языков, ономастики, архивного дела и документации в городе Алматы;

2) обеспечение деятельности рабочей группы по дальнейшему совершенствованию государственной языковой политики при акимате города Алматы;

3) обеспечение деятельности ономастической комиссии при акимате города Алматы, координация ономастической  работы в городе Алматы;

4) обеспечение деятельности экспертно-проверочной комиссии при акимате города Алматы;

5) проведение городских конкурсов и литературных чтений, фестиваля языков народа Казахстана, конференций, круглых столов, семинаров и т.д., посвященных актуальным проблемам государственной языковой политики;

6) взаимодействие с общественными организациями по осуществлению государственной языковой  политики;

7) создание условий для изучения государственного и других языков в городе Алматы;

8) разработка и выпуск познавательных, интерактивных, электронных программ, учебников, учебно-методических, наглядных и др. пособий для  обучения  государственному и другим языкам;

9) разработка и выпуск необходимых материалов для обеспечения работ по ведению делопроизводства на государственном языке;

10) обеспечение требований законодательства Республики Казахстан о языках при оформлении наружной рекламы и визуальной информации, размещаемых в городе Алматы;

11) проведение социологических исследовании, мониторингов по проблемам языковой ситуации в  городе Алматы;

12) проведение работы по созданию и совершенствованию информационной сети и базы данных по документам Национального архивного фонда Республики Казахстан;

13) проведение анализа состояния архивного дела и делопроизводства на территории города Алматы, изучение тенденций и закономерностей, определение концепции и стратегии их развития;

14) внедрение единого порядка государственного учета документов Национального архивного фонда Республики Казахстан;

15) организационно-методическое руководство и контроль за работой ведомственных архивов города Алматы и состоянием делопроизводства в государственных органах и иных организациях;

16) организация и координирование работ по поиску, выявлению и приобретению копий документов, имеющих историческую и культурную ценность для города Алматы, из архивов и научных учреждений зарубежных стран;

17) разработка и выпуск информационно-аналитических, справочных документов и материалов по вопросам, входящим в компетенцию  Управления;

18) рассмотрение гендерных аспектов;

19) оценка эффективности деятельности сотрудников Управления;

20) осуществление внутреннего контроля по направлениям деятельности государственного органа с целью повышения качества и производительности  его работы;

21) осуществления функции органа государственного управления в отношении коммунальных государственных предприятий и коммунальных государственных учреждений;

22) рассмотрение, согласование и утверждение  планов развития коммунальных государственных предприятий, коммунальных государственных учреждений  и отчетов по их исполнению;

23) осуществление контроля и анализа выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий;

24)  осуществление реорганизации и ликвидации коммунальных юридических лиц по согласованию с уполномоченненным органом по государственному имуществу;

25) осуществление права владения и пользования коммунальным имуществом (без распоряжения), которое передано ему в оперативное управление;

26) осуществление иных задач, возложенных на Управление акимом города Алматы в соотвествии с законодательством Республики Казахстан.     

12.В целях реализации основных задач и осуществления своих функций Управление имеет  право в установленном законодательством  порядке:

1) запрашивать и получать необходимую информацию от всех государственных органов города Алматы;

2) заслушивать представителей государственных органов и иных организаций города Алматы по вопросам реализации языковой политики,  архивов и состояния делопроизводства;

3) осуществлять контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках и архивного дела государственными органами и иными организациями города Алматы;

4) давать рекомендации об устранении нарушений требований, установленных законодательством Республики Казахстан о языках и архивного дела, вносить предложения в соответствующие органы о применении мер дисциплинарного взыскания к должностным лицам, виновным в нарушении законодательства Республики Казахстан о языках и архивного дела.

13. Управление не вправе заниматься деятельностью, не отвечающей  цели создания государственного учреждения.

 

3. Организация деятельности Управления 

14. Управление возглавляет начальник, назначаемый на должность и освобождаемый от должности акимом города Алматы.

15. Начальник организует и руководит работой Управления и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.

16. В этих целях начальник:

1) действует без доверенности в пределах полномочий, предоставленных Управлению настоящим Положением;

2) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

4) утверждает положения об отделах, регламент работы, номенклатуру дел, план работы и должностные инструкции работников Управления;

5) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

6) издает приказы и принимает решения в пределах своей компетенции;

7) принимает меры, направленные на противодействие коррупционным правонарушениям в Управлении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

17. Во время отсутствия начальника его обязанности исполняет заместитель начальника Управления.

 

4. Имущество Управления

18. Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему государством, и состоит из основных фондов и оборотных средств, а также иного имущества, стоимость которых отражается в балансе Управления.

19. Имущество Управления принадлежит ему на праве оперативного управления  и относится к коммунальной собственности.

20. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной  деятельности Управления осуществляется уполномоченным органом  в установленном законодательством порядке.

21. Управление  отвечает по своим обязательствам, находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у учреждения денег, ответственность по его обязательствам несет акимат города Алматы.

 

 5. Порядок внесения изменений и дополнений в Положение

                      22. Изменения и дополнения в настоящее Положение Управление вносятся путем принятия соответсвующего постановления акимата города Алматы.

           23. В случае внесения изменений и дополнений в настоящее Положение, не влекущих перерегистрацию, Управление извещает об этом регистрирующий орган в установленном законодательством порядке.

           24. Изменения, внесенные в настоящее Положение (изменение наименования), без перерегистрации юридического лица являются недействительными.

            

6. Режим работы

            25. Режим работы Управления устанавливается правилами внутренного трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

 

7.   Реорганизация и ликвидация Управления

26. Реорганизация и ликвидация Управления  осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

27. Реорганизация Управления (слияние,  присоединение, разделение, выделение, преобразование) производится на основании постановления акимата города Алматы.

28. Принудительная реорганизация может быть осуществлена по решению судебных органов в случаях, предусмотренных законодательными актами  Республики Казахстан.

29. Управление считается реорганизованным, за исключением случаев реорганизации в форме присоединения к другому государственному органу, с момента регистрации вновь возникших юридических лиц.

30. Ликвидация Управления производится по основаниям и в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.

31. Ликвидация Управления считается завершенной, а Управление  прекратившим существование после внесения об этом записи в государственный регистр юридических лиц.